Астанада қазақ зергерлік және сәндік қолданбалы өнер көрмесі ашылды
29.12.2013 1843
Мұражай ұсынылған бұйымдар қазақ халқының мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетеді және қазақ ұлттық мәдениетінің бірегей бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайында «Тарихи жәдігерлер» көрмесі ашылды.

Экспозицияда  мұражай экспонаттарының жиынтығы - тұрмыстық заттар, ұлттық әшекейлер, антиквариат (күміс ыдыс жиынтықтары) бұйымдар ұсынылған, astana.gov.kz сілтеме жасап inform.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы 1990 жылы ҚР Үкіметінің «Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбір объектілерін сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Мұражай қызмет ету саласы бойынша ғылыми-зерттеу, мәдени-бұқаралық мекеме, көшпенділер дәуірінен қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның зергерлік өнер бұйымдары мен кешендерін сақтайтын негізгі орын болып табылады. Мұнымен қоса, скиф-сақ аргеологиясы, металды көркемдік өңдеу және қазақстандық сәндік-қолданбалы өнер сынды бөлімдерден тұрады»,- делінген хабарламада. 

Мұражай ұсынылған бұйымдар қазақ халқының мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетеді және қазақ ұлттық мәдениетінің бірегей бөлігі болып табылады.

Көрме 2014 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады.