Қазақстандағы үш ескерткіш ЮНЕСКО тізіміне енді
14.08.2013 4100
Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстанның үш ескерткіші енді.

Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстанның үш ескерткіші енді. Бұлар Қойлық қалашығы (Алматы облысының Сарқанд ауданы), солтүстіктегі ең ірі ортағасырлық Қарамерген (Балқаш ауданы) қаласы және Талхис (Талғар ауданы) қалашығы, деп хабарлады Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры Есет Дауренбаев.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған 20 жыл ішінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне 10 тарих және мәдениет ескерткіштері енгізілді. Олардың арасында Қожа Ахмед Яссауидің сәулеттік кешені, Ясы-Түркістан қалашығы, Тамғалы сәулет кешені мен петроглифтері, Мерке түріктерінің қасиетті орыны, Бегазы-Дәндібай мәдениетінің мегалитикалық ескерткіштері бар.

ЮНЕСКО-ның мұра тізіміне ресми түрде қазақстандық тек екі ескерткіш қана енген. Қожа Ахмед Яссауи кесенесі 2003 жылдың 5-шілдесінде, ал Тамғалы кешені 2004 жылы аталған тізімді толықтырған болатын, дейді Tengrinews.kz агенттігі.