#Елордаескерткіштері: «Жер-ана»
22.07.2019 3239
Қыз Жібектей құлпырып, Баян сұлудай бұрымы Есіл болып, Арқа төсіне жұлдыздай ашылған, марғасқа марлан даланың маржан қаласы – аяулы һәм ардақсы Нұр-Сұлтан қаласы

Керегесі көкжиектей кең, терезесі төрт құбыламен тең, зәулім-зәулім заңғар мұнараларының биіктігіне қыранның ғана қауқары жететін еңселі Елорданың көркін беретін, тарихтан тылсым сыр ұқтыратын, әсіресе туристтер көп тамашалайтын өнердің ерекше түрі, ол – ескерткіштер. Егер Елордаға келе қалсаңыз, Бараев көшесінің бойында тұрған парсының Кир патшасын жеңген сақ ханшайымы Тұмардың алып мүсініне көзіңіз түсетіні анық.  Монумент 2008 жылы «Жыл мезгілдер саябағында» ашылған. Томирис патшайым тұрған бұқаның мүйізі 7 метрге дейін созылған. Qazaqstan tarihy порталымен #Елордаескерткіштері айдарын бастап, «Жер-ана» монументі туралы ақпарат береміз.

«Жер-Ана» монументі авторының атын бүкіл әлем біледі. Ол – ресейлік суретші және мүсінші. Оның жұмыстары Ресей Федерациясының Президенті В. Путин мен миллиардер Р. Абрамовичтің, Мәскеу қаласының экс-әкімі Ю. Лужковпен талайларды өзінің актерлік шеберлігімен тамсандырған Голливуд жұлдызы Ума Турманның коллекцияларында сақталған. Оның жұмыстары Эрмитажда, Нью-Йорктегі «Тибет – Хауста», Қытайдың Гуанчжоу қалаларында қойылған. Ал 2008 жылы оның «Жер-Ана» монументі Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылды. Кейіннен кәрі құрлықта Шыңғыс ханның монументалды мүсіні бой көтерді.  

Шыңғыс хан

Өнертанушы Ю. Москалюктің айтуы бойынша оның жұмыстары көпшілікке түсінікті және ол – әлемде көп сұранысқа ие мүсінші.

­Мистикалық түрде жасалған оның образдары арқылы ежелгі өркениетпен байланыс орнанатын сияқтысың.

«Оның жұмыстарында инновациялық тәсілдер кездеседі. Жұмыстары арқылы  шығыс адамының қоршаған ортаға бағдар бере алуы мен онымен сөйлесуге болатын секілді. Оның күлкілі және драмалық түрдегі жұмыстарды көре білуі оны істеген ісіне жаңашылдық береді», – дейді өнертанушы Т. Боронева.

«Мен Даши Намдаковтың «Шыңғыс хан» деген мүсінін жақсы көремін. Сол мүсіннің бітім-болмысы маған «Сабырға кел, бәрі жақсы болады! Мен барлық жағдайды бақылап отырмын» деп тұрғандай. Мүсіншіге алғысымды білдіремін», – дейді әлемдегі «Ең беделді әйелдер» рейтингісіндегі жалғыз қазақ әйелі Гүлжан Молдажанова.