«Ағажай Алтайдай» ән бар ма?
30.06.2018 4047
«Ағажай Алтай» – қазақ халқының өмір сүруін, әдет-ғұрыптарын мадақтайтын ежелгі ән

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы әннің тарихын зерттейтін болсақ, ХІХ - ХХ ғасырлардың аралығында күн көрген деген деректер бар. Оның мәтіні, сөздері әжептәуір мәрте құбылған, ол көптеген бұрмалауға таптылған ән.  Алайда соңғы кезде бұл әннің сөздері бастапқы нұсқасымен жырланып жүр. Әннің біртума нұсқасы Өр Алтайда дүние көрген. Негізінен, бұл ән Керей руының әні болып есептеледі. Бұл әннің тарихы ежелден келе жатқаны аңық себебі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы кезіндегі халқымызға төніп тұрған қауіпті жырлайды.

Бұл әннің шығару аңызы туралы көптеген мәліметтер ерекше дерек береді. Бірақ ең көп айтылатын деректерде «Ағажай Алтай» әні өр Алтайда ұзатылған қызды ағасы қашықтан іздестіріп, тауып келгенде, қарындасы ағасына көрісіп жырлаған әні делінеді. Белгілі жазушы Жүкел Хамай өр Алтайда Атантаев Бабидің Зәмзәм атты қызы ұзату кезеңінде мұңын айтып, жылап айтқаны тәрізді екендігін айтты.  

«Бұл ән ХІХ ғасырда бар сарын еді» дейді. Сол Зәмзәмнің сыңсыған әуені арқылы артынан қуғыншы жеткен көрінеді. Кейін қуғын - сүргін, шапқыншылықты көп көрген өр Алтай өңірінің халқы бұл әннің мәтініне өзгерістер енгізген деген дәйектер бар. Бұл Ағажай-Алтай әнін кіші «Елім-ай» деп айтуға келеді. Себебі бұл әнде де халықтың зары мен өкініші жайлы жырланады.

Бұл ән 1952 жылы алғаш рет сахнада орындалды. Оны Көктоғай ауданында жүзеге асырған Мәскен атты кісі еді. «Алтай Ағажай» қазақтың халық әні болғандықтан оның ресми авторы жоқ, алайда автор ретінде біраз кісілердің есімдері айтылады.

 

Аян ӘДЕН