Астанаға көктем кеш келеді
28.04.2018 3102
Көктем ҚазМЗУ университетінің студенттеріне де келіп жетті. Жуырда ҚазМЗУ университетінің Фемида алаңында жарқын, көңілді мереке Наурыз мейрамы болып өтті

Қазақстан тарихы орталығы мен Рухани жаңғыру кафедрасының басшылығының қолдауымен болашақ заңгерлер үлкен ұйымдастыру жұмысын өткізді.

Келгенімізге өкінген жоқпыз. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақаны тербеліп, мол дастарханы жайылған этноауылды көрдік.

Жоғары экономика мектебінің бірінші курс студенттері Наурызға арналған театрландырылған қойылым көрсетті, бұдан соң, студенттердің күшімен дайындалған, әні мен биі жарасқан, домбырасы күмбірлеген тамаша концерт болды. Мереке спорттық сайыстармен жалғасты.

Жамал Мадахметқызы АЯПОВА MBA DBA бизнес мектебінің директоры тарих кафедрасының тарихшыларына, музей директоры Изатхан Белқожақызы Медешоваға, Жалпы білім беру пәндері мектебінің директоры Рахымбек Қуатбекұлы Жолаевқа осы дәстүрді жалғастырғандары үшін алғыс білдірді.  

- Бұл жерде бес өңірдің киім, кимешек үлгілері көрсетілген. Қалған костюмдер, әйелдер киімдері мен түрлі ұлттық атрибуттар біздің «Үміт нұры» атты стартапымызбен тігілді. Кейбіреулер қазіргі кезде бұл артта қалған элемент деген сияқты түрлі нәрселерді айтып жүр. Бірақ, бұрын қазақтар қыстаудан жайлауға көшіп келіп бір-бірімен көріскен. Яғни, қыстан аман-есен, мал-жаның түгел аман шықты ма? дегенді білдіреді. Ең бастысы, бұл мереке діни мейрам емес. Бұл – халық бірлігінің мейрамы. Бұл – амандық-саулықта бір-бірімізбен кездескеніміз үшін Жаратқанға алғыс айту, және ең бастысы – қариялардан алатын ақ бата. Осы дәстүріміз тек жалғасып қана қоймай, оған барлығымыз, әсіресе, жастар жағы қолдау көрсетуі керек деп санаймын. «Мәдениеті, дәстүрі мен тілі жоқ халық – тамыры жоқ ағаш» дейді. Тамырсыз ағаш бола ма? Сондықтан да, біз, осы ағаштың жемісін көргіміз келсе, олардан жақсы, жоғары рухты жастар өсіп шығуы үшін тамырын дамытуымыз керек. Бұл өте тамаша бастама деп санаймын. Біздің тарих кафедрасы хандар және басқалар туралы осындай театрландырылған қойылымдар өткізіп, ұдайы қолдау көрсететініне қуаныштымын.

Тамаша костюмдер, бай дастархан, толық жабдығымен тігілген киіз үйлер, реквизиттер айтарлықтай қаржы бөлінбесе, мүмкін болмас еді.

ҚазМЗУ АҚ-ның қаржы директоры Гүлшат Шәріпқызы Успановаға сұрақ қойдық.

- Оқу орны үшін бұл іс-шараға қанша қаржы жұмсалғанын айтсаңыз?

- Бұл – коммерциялық құпия! – деп, жымиды ол.

- Іс-шара, негізінен, студенттер мен оқытушылардың ынтасының арқасында ұйымдастырылды. Мерекені дайындауға қатысты негізгі жұмысты солар атқарды. Біздің студенттер жарады. Олар Наурызды тойлау идеясын жақсы қабылдады – дегенмен ұлттық мақтаныш, ұлттық рух – бұл барлық Орта Азия халықтарының мерекесі. Көктем мерекесі барлық мектептерде, барлық университеттерде тойланады. Студенттер жарады, тырысыпты, сондай бай дастархан жайыпты.

- Ал, студенттік кезіңіздегі Наурыз есіңізде ме?  

- Жоқ, өйткені мен советтік кезеңде оқыдым. Ол кезде біз тойламайтынбыз. Халықтың өз дәстүрін құрметтейтіні көңілімді сүйсіндіреді.  

Әлішер ҚАДЫРБЕКОВ, ҚазМЗУ Университетінің үшінші курс студенті, бүгінгі іс-шара туралы айтып берді.

- Іс-шара Көктемгі жаңару күніне, көктем мерекесі – Наурызды тойлауға арналып, Қазақстан Республикасының астанасы – Астананың жиырма жылдығына орай өткізілді. Біздің университет «Қазақстан тарихы» пәнін оқу аясында осындай іс-шараны жыл сайын өткізеді, бірақ, биылғы іс-шара бұрынғыларға қарағанда өзгешерек, өйткені биыл біз Фемида алаңында қазақ аулы стиліндегі этномәдени қалашық жасадық. Қазақстан тарихы кафедрасымен, Жалпы білім беру пәндері мектебінің директоры Рахымбек Қуатбекұлы Жолаевпен бірлесіп, мерекені өткізу уақытын, орнын келістік. Студенттік ұйымдар да көмектесті, студенттердің бастамасымен осы іс-шара ұйымдастырылды.

- Бұл іс-шараны қалай ұйымдастырдыңыздар? Осының бәрін кім әкелді, кім жинады? Дайындық қалай жүрді? Осылар туралы айтып берсеңіз.

- Біріншіден, осы іс-шараны қалай сәтті өткізсек деп ойландық. Бұл – этномәдени қалашық болатыны шешілді. Қазақ халқының өзіндік мәдениетін сезіну үшін біз үш киіз үй қойдық. Неліктен үш киіз үй? Мұнда белгілі символ жасырылған. Көшпелілерде үш бөлік – оларды алға жетелейтін қос қанат пен орталық болғаны тарихтан белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша біз жастарға мәдениетіміздің қаншалықты бай екенін, оны сүю, сезіну керектігін көрсетеміз. Біз студенттер үкіметімен, жалпы студенттермен бірлесе, осы мерекені ұйымдастыруды шештік. Басшылық көмек көрсетті.

 

Студенттер үкіметінің Әлеуметтік даму министрі Қажымұқан Балабайұлы ІЗДІБАЕВ, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті

- 22 наурыз барлық халық Наурыз мейрамын атап өтеді. Әрине, мерекені әр өңірде сол жердің ауа райы мен климаттық жағдайларына байланысты тойлайды. Астанаға көктем кеш келеді дегендей, біз сәуірдің 20-сы кездерінде тойлаймыз.

- Неге үш киіз үй қойдыңыздар?

- Бізде үш мектеп – «Құқық жоғары мектебі», «Жоғары экономика мектебі» және «Жалпы білім беру пәндері мектебі». «Жалпы білім беру пәндері мектебінде» бірінші курс студенттерді оқиды, ал қалған екі мектепте оқу бейіні, мамандығы бойынша басталады. Сондықтан да, біздегі үш киіз үй Университетің үш мектебімен байланысқан.

Студенттерге сәттілік тілейміз және осы күні айтылған барлық жақсы тілектер орындалсын!