Украина қаһармандарын еске алды
26.02.2018 1356
Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің мәдени-ақпарат орталығы осы датаға арнап іс-шара өткізді

Елшіліктің бірінші хатшысы Леонид Петрович ЯСИНСКИЙ тәуелсіз Украинаның қаһармандары туралы айтып берді.

- Бұл бүкілхалықтық наразылық болды. Майданға жүз мыңнан астам адам шықты. Оларға қарулы күштер қарсы тұрды. Олар 104 адам болды, қарапайым украиндықтар. Бұрынғы президент Виктор Януковичке қарсы шыққан 2000 адам жарақат алды.

Украина Президенті Петр Порошенконың Жарлығына сәйкес 2015 жылдан бастап Небесная Сотня Қаһармандарын еске алу күні атап өтіледі. Сонымен қатар, осы күндері Украина Президенті Петр Порошенко Небесная Сотня Қаһармандарына арналған мемориалдық-музейлік кешен салу туралы Жарлыққа қол қойды. Украина әрқашан еркіндік сүйгіш ел болған. Еркіндік үшін күрескен запорожьелік казактар көпшіліктің есінде.  

Украина қоғамында, солардың арқасында Украина тәуелсіздігіне ие болған қаһармандар бар. Солардың бірі – Вячеслав Черновол.

Егер ол 1991 жылғы желтоқсандағы сайлауда жеңіп шыққанда Украина баяғыда-ақ Еуроодақ құрамында болар еді деп те айтылады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары-ақ Вячеслав Черновол коммунистік режимге қатысты оппозицияға тұрған болатын. Өзінің саяси көзқарастары үшін бірнеше рет отырып та шықты. КСРО ыдырағаннан бастап ол саяси күреске белсенді кірісіп, Украинаның Ұлттық Рух партиясына басшылық жасады. 1999 жылдың наурызында ол белгісіз жағдайда автомобиль апатынан қаза тапты. 2000 жылы оған Украина Қаһарманы атағы берілді.

Симферополь тумасы, қазіргі таңда Елшіліктің баспасөз хатшысы Ирина БЛАЩУК мәжбүрлі қоныс аударған қырымдықтар туралы айтып берді. Қырымда оның достары қалды. Қырымдықтардың арасында белгілі жұлдыздар, эстрада әртістері баршылық.

Мысалы, Джамала – 2016 жылы «1944» әнімен «Евровидение» халықаралық конкурсын жеңіп алған украиндық әнші. Оның шын аты-жөні – Сусанна Джамаладинова. Ол әжесі жер аударылған Қырғызстанның Ош қаласында туған. 1989 жылы оның отбасы Қырымға оралып, үй сатып алады. Надя Дорофеева – украиндық поп-жұлдыз «Время и Стекло» дуэтінің қатысушысы. 1990 жылы Симферопольде дүниеге келген.  

Злата Огневич – Қырым Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Жоғарғы Раданың VIII шақырылымының депутаты. Олар украин мәдениеті мен музыкасын алға жылжытушылар. Ирина Блащук әңгіме қылған екінші мәселе Қырымға бару тәртібі, өйткені Қырым әлі де қызығушылық тудыратын туристік объект болып қалып отыр.

Елшіліктің әскери атташесі Андрей Леонидович ПОЛИЩУК қазіргі Украина қауіпсіздігінің әскери құрамдас бөлігі туралы әңгімелеп берді. Украина Елшілігінің хатшысы Василий Петрович БОНДАРЬ 2014 жылғы еуромайдан куәгерлері болған Киев ұлттық лингвистикалық университеті студенттерінің естеліктерін ұсынды. 2013 жылғы 25 қарашада Украина еуроинтеграция туралы құжатқа қол қоюы керек болды, бірақ, өкінішке орай, біздің басшылар сол кезде бұдан бас тартты.

Майдандағы жастар: «Біз кері қайтқымыз келмейді, тек қана алға жылжығымыз келеді!» деді. Біз жастарымыздың еркін бейбіт қоғамда өмір сүргенін қалаймыз. Іс-шараға Қазақстан Республикасында аккредитацияланған дипломаттар, Астана қаласы №47 мектеп директоры, ҚР СІМ өкілдері, ҚР туристік фирмаларының басшылары  қатысты.