2018 жылғы 19 қаңтарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан тарихшыларының V ұлттық конгресі өтті. Конгресс еліміздің барлық жетекші тарихшы ғалымдарын жинады
Конгресс жұмысының басты мақсаты – Мемлекет Басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында айтылған жаңа маңызды идеяларын, қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлттың рухани жаңғыру мәселелерін талқылау және насихаттау, тарих ғылымы мен білімінің өзекті мәселелерін, музейлер мен архивтер жұмысының жаңа деңгейге шығуын талдау, ұлттық тарих бойынша мектеп және жоғары оқу орындары оқулықтарының мазмұнын жақсарту және т.б.
Кездесу модераторы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Ерлан Сыдықов конгреске қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алды. Ол өз сөзінде Елбасының жаңа кітабының үлкен, маңызды еңбек екендігін, оны қоғам, әсіресе тарихшылардың жылы қабылдағандығын атап өтті. Бүгінгі Конгрестің мақсаты осы көрсетілген кітаптың білім беру саласында әдіснама ретінде және де әдістемелік негіз ретінде қолдануды қарастырады.
Біздің алдымызда келесі тапсырмалар қойылған:
- Тәуелсіздіктің жетістіктері мен жеңістері Елбасы атымен тығыз байланысты. Енді жаңа деңгейдегі жаңа мемлекетті құрушы ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін, үлесін әлемдік ірі көшбасшылармен қатар қойып қарастыру қажет;
- Президенттің жаңа кітабында әлемдік өркениеттің даму процесіндегі тәуелсіз Қазақстанның жолы жаңа әдіснамалық негіз ретінде көрсетілген. Осыған байланысты мамандарға осы жаңа тәсілді зерделеу және қолдану қажет;
- Мемлекет басшысының барлық идеялары мен бастамалары барлық деңгейдегі білім беру мекемелеріне енгізілуі керек;
- «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын білім беру және мәдениет жүйесімен тікелей байланысты рухани даму және жаңғыру негізі ретінде алу қажет;
- Елбасы кітабының негізінде еліміздегі мектептердің, орта-арнайы және жоғары оқу орындары оқулықтарының мазмұн сапасын арттыру қажет. Іс-шара аясында «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтіп, одан соң сөз сөйлеушілер кітаптың негізгі тұстарын талқылады. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабулдиновтың баяндамасында Қазақстан мен қазақ мәдениетін әлемге паш еткен Елбасының жетістіктері сөз болды.
Ең маңызды жетістіктердің бірі – ел астанасы Астана, ол араб тілінен аударғанда «жұмаққа апаратын қақпа» дегенді білдіреді. Шынында да, Астана – бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған, қарқынды дамудың символы. ҚР Президенті Мұрағатының директоры Борис Джапаров Президент және оның қызметі туралы ресми құжаттар сақталған жалғыз мұрағат - ҚР Президенті Мұрағаты екенін атап өтті. Мұрағат қорларында құжаттар, фотоқұжаттар, бейнефонограммалар, сонымен қатар аудиофайлдар сақталған.
ҚР Президенті Мұрағатында сақталған 30 мыңнан астам істер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы рөлі мен қызметін аша түседі. Яғни, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында Президент сипаттаған әр оқиғаның мұрағаттық деректі негізі бар. Мемлекет тарихына қосқан үлестеріне канон негізінде кітап арналған ұлт көшбасшыларының әлем тарихында бар тәжірибе екендігін Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет директоры Мейір ЕСКЕНДІРОВ атап өтті. Мысалы, Джавахарлал Неру, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль, Махатхир Мохамад өздерінің ұлттық жетістіктерін көрсетіп, олардың еңбегі тарихта қалды. Отырыс қорытындысы бойынша қарар қабылданды. ҚАРАР V тарихшылар Конгресі «Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері» (2018 жылғы 19 қаңтар, Астана) Жоғары ғылыми форум қатысушылары президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізгі постулаттарын түсінудегі жалпы ғылыми және тәжірибелік-бағыттық позицияны, қоғамдық сананы, ұлттың рухани жаңғыру, ұлттық кодты қайтару, өлкетану және мұрағат жұмыстарын күшейту, қасиетті нысандарды зерделеу, отандық тарих ғылымы мен білімін дамыту мен жетілдіру тапсырмаларын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын келісіп, келесі ҰСЫНЫСТАР әзірледі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік билік органдарына:
- Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын ҚР мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына міндетті түрде оқытылуға енгізу;
- «Қазіргі Қазақстан тарихы» бойынша жоғары оқу орындары оқулықтарының авторларына осы кітап бойынша жеке параграфтар енгізуді ұсыну; ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, ҚР облыстары мен қалалары әкімдіктеріне:
- Президенттің жаңа кітабының БҰҰ-ның басқа тілдеріне аударылуын ұсыну;
- Елдің қалың жұртшылығы арасында осы кітаптың теориялық жағдайын зерделеуге, насихаттау мен түсіндіру жұмыстарына бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды МЕҰ-ға бөлуді ұсыну;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне:
- шет елдерде осы кітаптың бірқатар тұсаукесерін өткізу;
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасына: мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, студенттер, орта білім беру мектептері мұғалімдері, мұрағат, музей және гуманитарлық бағыттағы ҒЗИ қызметкерлері, жоғары оқу орындары оқытушылары арасында осы кітаптың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізу; Дүниежүзі қазақтары ассоциациясына:
- Қазақ диаспоралары мен ирреденталары өмір сүріп жатқан жерлерде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізуді;
Кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық ұйымдарға:
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының маңызды идеяларын қалың жұртшылық арасында алға қарай жылжытуға жағдай жасау;
Тарихшылардың ұлттық конгресіне:
- Конгресс қатысушылары «Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері» Тарихшылардың V конгресінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілгендігін атап өтіп, осы Конгрестің Пленарлық отырысының материалдарын ҚР бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұсынды;
- ҚР жас ғалымдары арасында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы мазмұнының үздік білгірі конкурсын өткізу;
- жаңа мұрағат материалдары мен қолжазба дереккөздерінің, оның ішінде пәнаралық тәсілдердің енгізілуін ескере отырып, отандық тарихтың аз зерттелген парақтарын зерделеу қажеттігіне кәсіби тарихшылардың жіті назарын аудару.