2016 жылдың 8 қазан күні «NATIONAL DIGITAL HISTORY» жаңа интернет жобасы іске қосылды
Жаңа жобаның іске қосылуында ұйымдастырушылар, редакция, тілшілер, аудармашылар, «TRIO COMPANY» бағдарламашылары үлкен жұмыс атқарды. Бұл оқиғаның қуанышын сөзбен жеткізе алмаспыз. Бірақ біз жеткен жерімізде тоқтап қалмай, әрі қарай ұмтылмақпыз. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтқандай: «Сіздерде ең күрделі жұмыс енді басталады».
Біз материалды ұсынудағы жаңа цифрлық формат, жарияланымдарды хэштегтердің астында жаңа категорияларға бөлу, тарихи оқиғаларға байланыстырылған ультражаңа жобалар секілді жаңалықтарға, сондай-ақ үш тілде шығатын «Қазақстаника» электрондық энциклопедиясына назарды баса аударып отырмыз.
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді деген жақсы сөз бар, сондықтан барлығымыз Отанымыздың тарихын білуіміз керек. «Ағаштың тамыры тереңге жайылмаса, боранға қасқайып қарсы тұра алмас еді», - деп айтқан Президентіміз Н.Ә. Назарбаев. Біз қолдануышларымызды Қазақстан тарихымен етене таныстыру үшін қолымыздан келгеніміздің бәрін жасаймыз. Қазақстан тарихы жөніндегі жоба Ұлттық жоба атауына ие, ал бұл дегеніміз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Портал ұжымы тек қана табысқа бет алған және қиындықтардан қорықпайды.
Жаңа порталға сәттілік тілейік, құрметті қолданушылар!