Басты бет Оқиғалар күнтізбесі 1 Қазан

Оқиғалар күнтізбесі

1 Қазан
1909 Сақтаған Бәйішұлы Бәйішевтің туған күні
1997 1997 жылы ҚР 2030 ж даму стратегиясы ұсынылды
1997 жылы 1 қазанда «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданды.
1893

1 Қазан 1909

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішевтің туған күні

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев —  қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, ғалым, профессор, Қазақ ССР Ғылым Академиясының  академигі, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев жалпы алғанда 300-ден аса ғылыми еңбек, оның ішінде 7 монография жариялады. Оның айтулы ғылыми және ұстаздық мектебі болды. Сақтаған Бәйішұлы өмірінің соңғы жылдарында ұстаздықпен айналысып, жас кадрларды (болашақта экономика саласындағы мамандар) тәрбиледі.

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматыдағы көше мен Темір қаласындағы орта мектеп оның атымен аталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысы бойынша туған мекені Темір қаласындағы орта мектепке, Ақтөбе қаласындағы облыстық кітапхана және университетке оның есімі берілген.

1 Қазан 1997

1997 жылы ҚР 2030 ж даму стратегиясы ұсынылды

ҚР Президенті «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Стратегия ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады. Атап айтсақ: Ұлттық қауіпсіздік. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Энергетика ресурстары. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Кәсіби мемлекет. Он бес жыл ішінде осы бағытта елімізде қыруар іс атқарылағаны белгілі. Стратегияға сәйкес, Қазақстан 2030 жылы ОртаАзияна барысына айналуы тиіс деген асқақ мұрат та белгіленген.

1 Қазан 1893