Бұл күн тарихта

1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Женевада БҰҰ бас хатшысы Б.Бутрос-Галимен кездесті.

1938 жылы (1938) 1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды

- = -

1997 жылы ҚР 2030 ж даму стратегиясы ұсынылды

1997 жылы ҚР 2030 ж даму стратегиясы ұсынылды - e-history.kz
1997 жылы 1 қазанда «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданды.
ҚР Президенті «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды. Стратегия ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады. Атап айтсақ: Ұлттық қауіпсіздік. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Энергетика ресурстары. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Кәсіби мемлекет. Он бес жыл ішінде осы бағытта елімізде қыруар іс атқарылағаны белгілі. Стратегияға сәйкес, Қазақстан 2030 жылы ОртаАзияна барысына айналуы тиіс деген асқақ мұрат та белгіленген.