Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

Сақтаған Бәйішұлы Бәйішевтің туған күні

25902
Сақтаған Бәйішұлы Бәйішевтің туған күні - e-history.kz
Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев — қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, ғалым, профессор, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев жалпы алғанда 300-ден аса ғылыми еңбек, оның ішінде 7 монография жариялады. Оның айтулы ғылыми және ұстаздық мектебі болды. Сақтаған Бәйішұлы өмірінің соңғы жылдарында ұстаздықпен айналысып, жас кадрларды (болашақта экономика саласындағы мамандар) тәрбиледі. Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматыдағы көше мен Темір қаласындағы орта мектеп оның атымен аталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысы бойынша туған мекені Темір қаласындағы орта мектепке, Ақтөбе қаласындағы облыстық кітапхана және университетке оның есімі берілген.