Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Күндерек. 26 сәуір - әлем және Қазақстан тарихында

1102
Күндерек. 26 сәуір - әлем және Қазақстан тарихында - e-history.kz

26 сәуір - Григориан жылнамасының 116-күні. Осы күні әлем елдерінде көптеген айтулы мерекелер атап өтіледі. Қазақстан тарихында елеулі орны бар бірнеше тұлғалар осы күні дүниеге келді.

26 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

Ғабдулла Мұхаммедғарұлы Тоқай – Татарстанның көрнекті ақыны, публицист, әдебиет сыншысы. Ол 1886 жылы 26 сәуірде Ресей Федерациясының (Татарыстан Республикасы, бұрыңғы Қазан губерниясы) Қазан қаласы маңындағы Кушлауч ауылында дүниеге келген. Әкесі Мұхаммедғар татарға белгілі молла болған. Ғабдулла дүниеге келген соң, 5 ай өткенде әкесі қайтыс болды. Кейінірек анасы екінші рет тұрмысқа шығып, бала Ғабдулла ата-әжесінің тәрбиесінде болды.  Кейін ол кісілер қайтыс болған соң, Ғабдулланы ауылдас көршілері асырап бақты. Жаңа отбасы баланы жақсы қабылдады, алғаш діни сауат ашып, білім алды. Кейін әкесінің әпкесі Ғазиза Усманова бауырын тауып алып, Ғабдулланы ертіп Оралға келді. Ғабдулла Орал қаласындағы «Мұтиғия» медресесіне оқуға қабылданып, білім алады. Медресе жанындағы орыс мектебінде дүниауи пәндер негізін оқып, орыс және әлем әдебиеті жауһарларымен сусындауы арқасында ақындық таланты таныла бастайды. Оралға келуі арқылы әйгілі татар ақынының қазақ руханиятымен танысуына мол мүмкіндік туды. Бала Ғабдулла азамат ретінде ер жетіп, ақын ретінде қалыптасуына қазақ топырағы айрықша үлес қосты. 

1905 жылғы орыс төңкерісі уақытында Ғабдулла Тоқай 19 жаста еді. Ол досы Камил Тухватуллиннің баспанасына жұмысқа тұрып, теруші қызметін атқарады. Досымен бірге татар тіліндегі «Фикер», «Орал» газет-журналдарын шығарып, баспа саласында еңбек етеді. Сол уақытта жалынды ақынның отты жырлары жоғарыдағы газет-журналдарға жарияланады.  Ғабдулла Тоқай 1907 жылы туған жеріне барып, татар мәдениеті орталығында болады. Мұнда ол татардың әйгілі зиялы қауымдарымен танысып, жақын пікірлеседі.  1911-1912 жылдары жас ақын Ғабдулла  Астрахань, Уфа, Санкт-Петербургке барады. Ел жерді аралап, бір жағы өзінің денсаулығына ем-дом іздейді. Троицк қаласында жылқының сүті қымызбен емделіп, әр түрлі баспа редакцияларында жұмыс атқарады.  Кейін Троицкдан Қазанға оралып,  татардың «Қояш» газетінде жұмыс атқарады. 1913 жылы небәрі  жиырма жеті жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Бірақ татар әдебиетінің классигі атанған, татар халқының дарынды ұлы Ғабдулла Тоқай жиырма жеті жылдық қысқа ғана ғұмырында тұтас бір халықтың жаңа заман әдебиетін жаңа сатыға шығарып кеткен реформатор болды. Ғабдулла Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне алғаш аударған алаш қайраткері, ақын Міржақып Дулатұлы болатын.  Оның шығармашылығы туралы заңғар жазушылар Мұхтар Әуезов, Сәбит  Мұқанов, Жақан Сыздықов, Бүркіт Ысқақовтар зерттеулер жазып, мақалалар арнаған болатын.  

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов - қазақ әдебиетінің алып тұлғасы. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Классик жазушы Сәбит Мұқанұлы 1900 жылы жиырма алтыншы көкекте Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда дүниеге келген. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.

Сәбит Мұқанов 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген.  Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы.  Сәбит Мұқановтың  «Жұмбақ жалау»,  «Сырдария», «Теміртас», «Есіл» романдары, «Менің мектептерім» романдары, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бүл роман аяқталмай қалған.

Қаламгердің есімімен Алматы қаласында көше мен ескерткіш мүсіні, Солтүстік Қазақстан облысында мектепоблыстық кітапхана, облыстық драма театры қаламгер атымен аталады. Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.

Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлихан – қазақстандық сәулетші. Мемлекет және қоғам қайраткері.  Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі. Ол 1932 жылы жиырма алтыншы сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Мәскеу мемлекеттік сәулетші институтын тәмамдаған. Көп жылдар бойы сәулет, құрылыс жобалау қоғамдарында еңбек етті.  Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылымының қызметкері,  ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтындағы өнер және сәулетші бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.  Сәулетші Шот-Аман Ыдырысұлы бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы.  1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба авторы. Халықаралық «Абылай хан» қоғамдық қорының басшысы қызметін атқарған. 2021 жылы отыз бірінші наурызда дүниеден өтті. 

Асылбек Сақтапбергенұлы Қилымов  - Совет одағы мен қазақ боксының аңызына айналған даңқты боксшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ боксының мақтанышы Асылбек Сақтапбергенұлы 1964 жылы жиырма алтыншы сәуірде Ресейдің Астрахан облысында дүниеге келген. 1984 жылы совет одағының чемпионы болған. 1985-1986 жылдары бокстан екі жыл қатарынан совет одағының күміс жүлдегері атанды. 1979 жылы Молдовияның Бельцвы қаласында өткен КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы чемпионатының жеңімпазы. Жасөспірімдер арасында төрт жыл қатарынан совет одағының жеңімпазы атанды.  Асылбек Сақтапбергенұлы боксқа он жылын арнаған. 1977-1987 жылдар  аралығында 216 кездесу өткізіп оның 186-ын жеңімпаз болып аяқтаған.  1984 жылдың көрсеткіші бойынша Асылбек Қилымов Еуропаның ең үздік боксшысы атанды. 

Дәулет Еділұлы Ерғожин  - қоғам қайраткері, қаржы саласының озық қызметкері. Ол 1979 жылы 26 сәуір күні Алматы қаласында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру магистрі.   Еңбек жолын 1998 жылы  «ҚазТрансОйл» ҰКТН АҚ клиринг департаментінің маманы болып бастаған.  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаменті директорының орынбасары, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі - экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР қаржы вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы қызметтерін абыройлы атқарған. 

26 сәуір  - әлемде

26 сәуір – Чернобль апатын еске алу күні. Қазіргі адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат – Чернобль атом электр станциясындағы апатына 38 жыл болды.  2016 жылғы 8 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)  Бас Ассамблеясы 26 сәуірді Чернобльдағы радиациялық апат құрбандарын еске алу күні деп жариялады.   Бас Ассамблея "осы уақытқа дейін сезілген, үш онжылдықтан кейін Чернобыль апатының ұзақ мерзімді зардаптарын, сондай-ақ зардап шеккен жергілікті қауымдастықтар мен аумақтардың қажеттіліктерін" атап өтті және "барлық мүше мемлекеттерге, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің тиісті мекемелеріне және басқа да Халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ азаматтық қоғамға осы күнді атап өтуді" ұсынды.

1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобльдегі 4-блоктың жарылу салдарынан әлемдегі ең үлкен апаттарың бірі орын алды. Чернобль трагедиясы миллиондаған адамдардың өміріне әсер етті.  Чернобльдегі  апат нәтижесінде атом реакторы толығымен жойылды. Қоршаған ортаға радиоактивті заттар кірді. Апаттың жалпы ауданы 207,5 мың шаршы шақырым аумақты қамтыды.  Жоғары радиациялық аймақ Польшада, Германияда, Австрияда және Румыния мемлекеттерінде тіркелген. Совет одағының еуропалық бөлігіне таралған радиоактивті бұлт тіпті АҚШ, Канада және Жапонияға дейін жеткен. Бұл апаттың зардабы елімізді де айналып өтпеген. Себебі, жарылыстың зардабын жоюға кезінде жер-жерден 600 мыңға тарта адам тартылған. Соның ішінде 32 мыңға жуығы қазақстандықтар. Чернобыль апаты жиырмасыншы  ғасырдағы үлкен қайғылы және ең үлкен экологиялық апаттардың бірі.  Сондай-ақ жыл сайын Чернобльдегі радиациалық апат құрбандарына құрмет көрсетіліп, еске алу шаралары өтеді.  2001 жылы маусымда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитінде  26 сәуірді Халықаралық радиациялық апаттар мен апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше мемлекеттерге жүгіну туралы шешім қабылдады.  2003 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 26 сәуірді Халықаралық радиациялық апаттар мен апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы шешімін қолдады. Сондай-ақ БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді осы халықаралық күнді атап өтуге және оның шеңберінде тиісті іс-шаралар өткізуге шақырды. Ал 2016 жылдың желтоқсанында ол 26 сәуірді Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні деп жариялады. Көптеген жылдар бойы БҰҰ Чернобыль апатының салдарын бағалаумен айналысады, қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша күш-жігерді қолдайды және осы апаттан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге ықпал етеді. Апаттың зардаптарын жою және жеңілдету жөніндегі кең ауқымды шараларға қарамастан, одан кейін де, одан кейінгі жылдары да Чернобыль атом электр станциясы қауіптің әлеуетті көзі болып қала береді.

26 сәуір – Халықаралық зияткерлік меншік күні.  2001 жылдан бастап жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні (World Intellectual Property Day) атап өтіледі. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас Ассамблеясы (World Intellectual Property Organization, WIPO) 1999 жылғы қазандағы отырыста Қытай делегациясының ұсынысын қарап, осы мерекені құру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте ол 26 сәуір Бүкіл әлемде зияткерлік меншікті қорғауға және дамытуға жәрдемдесуге арналған WIPO ұйымының негізін қалайтынын және БҰҰ — ның шығармашылық және зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі ретінде өз қызметін ең алдымен теңдестірілген және қолжетімді Халықаралық зияткерлік меншік жүйесін кеңейту және дамыту бойынша жүргізетінін негізге алды. 

Халықаралық зияткерлік меншік күні инновацияның адамның күнделікті өміріндегі және қоғамды жетілдірудегі маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді. Патенттер, сауда белгілері, авторлық құқық және сабақтас құқықтар шығармашылық пен білімнің нәтижесі ретінде бүкіл әлемдік қоғамдастықтың экономикалық және мәдени дамуына ықпал ететін күшті құралдар болып табылады.  Өнертапқыштар мен шығармашылық қайраткерлердің мүдделері тұтастай алғанда қоғамның мүдделерімен теңестірілген зияткерлік меншіктің тиімді жүйесі өнертапқыштар мен шығармашылық қайраткерлердің күш-жігерін, энергиясын және шеберлігін біздің өмірімізді байытатын және жақсартатын жаңа технологиялар мен шығармашылық көрініс формаларын жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.  Инновация мен шығармашылық белсенділіктің өркендеуі және әртүрлілік пен инклюзияны қолдайтын жағдайлар адамзаттың алдында тұрған маңызды қиындықтарды жеңу, прогреске ықпал ету және салауатты, қауіпсіз және жайлы өмір сүруге көмектесу мүмкіндігін арттырады. Сондықтан, дәстүр бойынша, бұл күні түрлі тақырыптық іс-шаралар, акциялар мен науқандар өтеді, олардың мақсаты "Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы" алдына қойылған міндеттерді шешуде кездесетін мәселелерге әлемдік жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қоғамды зияткерлік меншіктің не екенін хабардар ету мақсатында және оны қорғау жүйесі өнерден бастап инновациялық технологияларға дейінгі көптеген прогресс бағыттарының дамуына қалай ықпал етеді. WIPO бас директоры өзінің аймақтық өкілдеріне арналған мерекелік хабарлама таратады.

26 сәуір – Арменияда шекарашылар күні. Бұл мейрам Арменияның кәсіби мерекелер күнтізбесінде 1994 жылы 26 сәуірдегі «Мемлекеттік шекара туралы» заң жобасы аясында ұсынылып, белгіленді.  Ал 2007 жылдан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес атап өтіледі. Мемлекеттік шекараны күзету Армения Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және оған кепілдік беретін саяси, құқықтық, экономикалық, әскери, жедел, ұйымдастырушылық, техникалық, режимдік, табиғатты қорғау, мәдени және өзге де шаралар кіреді. Олардың қатарында мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылық, заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік шекара режимін, шекаралық режимді және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің режимін сақтауын қамтамасыз ету, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мүдделерін мемлекеттік шекарадағы сыртқы және ішкі қатерден қорғау. Армения Республикасының Шекара әскерлері Армения Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге, мемлекеттік шекарада Армения Республикасының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыруға, мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін жүзеге асыруға шақырылады. Армения шекара әскерлері Ұлттық қауіпсіздік қызметіне кіреді.  

26 сәуір – Танзанияда бірігу күні. Жаңа мемлекеттің пайда болуы Танзания  үшін ұлттық мереке. Біріккен Танзания Республикасы 1964 жылы 26 сәуірде мемлекет ретінде құрылды. Бұл күні екі тәуелсіз мемлекет - Танганьика Республикасы (1961 жылы Ұлыбританияның протекторатынан босатылды) және Занзибар мен Пемба Халық Республикасы (1964 жылғы революция нәтижесінде тәуелсіз болды) Шығыс Африкада біртұтас мемлекет құрды. Жаңа елдің атауы оған кіретін екі мемлекеттің атауларының бірігуінен қалыптасты. Яғни «ТАН» - Танганьикадан, «ЗАН» - Занзибардан. Осы уақытқа дейін 26 сәуірде Танзания тұрғындары ұлттық мерекені материкте де, аралдарда да атап өтіп, оны бірігу күні, одақ күні және Бірлік күні деп атайды. Танзания Шығыс Африкада орналасқан және Танганьика материгін және Занзибар мен Пемба аралдарын қамтиды. Ел аумағы 945,1 мың шаршы км, халқы 45,0 млн. адамды құрайды. Мемлекет астанасы Додома қаласында 1,7 млн. адам тұрады. Бантудың көптеген этникалық топтары мекендеген Танганьика 1885 жылы еуропалық державалар арасындағы бірқатар келіссөздерден кейін Германияның Шығыс Африкасының құрамында протекторат болды. 1920 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия жеңілгеннен кейін Ұлыбритания Танганьиканы басқаруға мандат алды. 1946-1961 жылдары-Ұлыбританияның басқаруындағы БҰҰ-ның қамқоршы аумағы. 1961 жылы 9 желтоқсанда Танганьика тәуелсіздікке қол жеткізді. XVI-XVII ғасырларда Занзибар мен Африканың шығыс жағалауындағы басқа аралдарға португалдықтар, ал XVIII ғасырдан бастап Оман мен Маскат сұлтандарының билігі әсер етті. 1856 жылдан бастап Занзибар тәуелсіз сұлтанат, 1890 жылдан бастап Ұлыбританияның протектораты болды. 1963 жылы 10 желтоқсанда Ұлыбритания билікті сұлтанға беру арқылы Занзибарға тәуелсіздік берді. 1964 жылы қаңтарда төңкеріс Сұлтан режимін құлатты. 1964 жылы 26 сәуірде Танганьика Республикасы мен Занзибар мен Пемба Халық Республикасы Біріккен Танзания Республикасына біріктірілді. Танзания-республика. Елде 1977 жылғы 25 сәуірдегі конституция, одан кейінгі түзетулер қолданылады. Танзаниядағы Мемлекет басшысы-президент. Ол тікелей және жасырын дауыс беру арқылы жалпы сайлау арқылы 5 жылға сайланады және тағы бір мерзімге қайта сайлануы мүмкін. Заң шығарушы билік бір палаталы Парламентке - 357 депутаттан тұратын Ұлттық жиналысқа тиесілі. Парламенттің өкілеттік мерзімі-5 жыл. Атқарушы билікті ел президенті бастаған үкімет жүзеге асырады. 1985 жылы қаңтарда Танзанияның Арал бөлігінің Конституциясы күшіне енді, оған сәйкес Занзибар мен Пемба аралдары Біріккен Танзания Республикасында автономияға ие. Танзания аралының Президенті сонымен қатар атқарушы билік функциялары берілген Занзибар Революциялық кеңесінің төрағасы болып табылады. Беларусь Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1996 жылы 23 мамырда орнатылды.

26 сәуір -  Татарстан Республикасында ана тілі күні. Көкек айының 26 күні татарлар ана тілі күнін атап өтеді. Мереке қазіргі татар әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, публицист және қоғам қайраткері Ғабдолла Тоқайдың туған күнін қарсаңында  атап өтіледі. Биыл Ұлы татар ақынының туғанына 138 жыл толады. Дәстүр бойынша дәл осы күні Татарстан Республикасының басшысы Ғабдолла Тоқай атындағы Татарстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттарын жариялайды. Тоқай алаңында ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Қазан мемлекеттік циркінде Ғабдулла Тоқайдың «шөп базарында» ертегілері мен өлеңдері бойынша алғашқы ұлттық театр-цирк қойылымы ұсынылады. Осы күндері бүкіл республика бойынша ана тілі күніне арналған көптеген іс-шаралар өтеді. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?