Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тиктокер тарихшы - Қазақтан шыққан тұңғыш инженер

793

Мұхамеджан Тынышбаев – теміржолшы, ағартушы-ғалым, саяси-қоғам қайраткері, Алашорда қозғалысын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Түркістан автономиясының премьер-министрі.
Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында Әлдекеұлы Тынышбайдың отбасында дүниеге келген. 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданған.
1900 жылы гимназияны үздік аяқтап, император І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студенті атанады.
1900–1906 жж. Санкт-Петербургтағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студентi болып жүрген кезінде түрлi тарихи жағдайлардың куәсi болды. Бұл жылдарда (1900–1906 жж.) монархиялық билiкке қарсы саяси, әлеуметтiк-экономикалық талаптағы наразылықтардың, халық толқуларының жандануымен ерекшеленедi. Осы көрiнiстердiң барлығы жас студентке өз дәрежесiнде әсер етiп, оны толғандырған қалың ойдың жауабының табылуына, бiртiндеп қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауына жол ашты.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?