Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Семейдегі Абай музейі

1014
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі М.Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ КСР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде құрылды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби музей. 1990 жылы Абайдың 145 жылдық мерейтойына орай Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысымен «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып құрылды. Қорық-музейдің негiзгi қорын 1885 жылы Абайдың өлкетану музейіне тапсырған заттары құрайды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?