Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тиктокер тарихшы: Қазақстанның ЮНЕСКОҒА мүше болғанына 30 жыл

841

Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасының 5 көрнекті ескерткіштері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне енді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан өзі туралы әлемдік ақпараттық-мәдени кеңістік аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы ретінде мәлімдей алды.

Осыдан тура 27 жыл бұрын 1992 жылғы 22 мамырда еліміз ЮНЕСКО (БҰҰ білім, мәдениет және коммуникация мәселелері жөніндегі ұйымы) қатарына кіріп, гуманитарлық саладағы қарқынды дамуды және мәдени байланыстар мен алмасуларды кеңейтуді қамтамасыз етті. Ауқымды және маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 1993 жылы Қазақстанда ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылып, аталған халықаралық ұйыммен өзара іс-қимылдың негізгі векторларын анықтады.

Келесі қадам Қазақстанның 1994 жылы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға қосылуы болды. Сондай-ақ 1995 жылы қол қойылған білім, ғылым, техника, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, коммуникация, ақпарат және информатика сияқты бағыттарды қамтыған Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум және Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда өз қызметін өрістеткен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы бұл халықаралық ұйыммен табысты ынтымақтастықты дамытудың басты басталуы болды.

Бірлескен жұмыс жылдар ішінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

Маңызды оқиғалар арасында: ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының тұсаукесері, Махамбет Өтемісовтың 200 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Әбілхан Қастеев, Әлкей Марғұлан мен Ахмет Жұбановтың 100 жылдықтарына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Нұрлан Оразалин мен Шөмішбай Сариевтың өлеңдерінің жинағы шығарылды. ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне «Қыз-Жібек» эпосы енгізілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?