Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өшпес ерлік

30112

Осы әнгімеңде сол бір сұрапыл соғыс жылдары еңбек майданың темір жол қызметінде стрельшник болып жұмыс істеген. Әжем Құсанов Бибажар 1925 жылы Арал ауданы Жақсықылыш ауылдық округі Тұрсынбеке елді мекенінде дүниеге келген. Жастайын тағдыр тауқыметін көріп, сонау ашаршылық жылдары өзінің әкесі ағасының өлімін көріп, еңбекке араласа бастайды. Әжемнің анасы мен сіңілісі  жеті ағалары әкемнің есімде қалғаны Шыман, Шолан, Қолдасбай, Қолғанат осы Қосаның жеті ұлдары 1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталаған тұста,  кәрі жас адамдар әскер қатарына алынып жатты. Осы кезде әжемнің жеті ағасы әскерге шақырылып, майданға аттанады. Жеті ағасының біреуінен тек хат хабар келіп тұрады. Ал қалған алты ағасынан із-түссіз жоғалып кетті деген қағаз. Ана қасқа  балаларның жоғалына қынжылып жылап отырады екен, бұл әнгімені өз әкем Құрманиязов Серіктен естідім.

 

4fb4acf14d949d61af361d9711c4e6bf.jpg

  Құсанова Бибажар.

1942 жылы  әжемнің Қолғанат деген ағасы өзінің, Самарқанд қаласында әскери дайындықтан өтіп жатқандыған айтады. Әжем осы кезде анасын сіңілісін тамақтандыру үшін, жасын ұлғайтып ол кездегі жасы 14 қыз темір жолдарға  қарайтын стрельшник болып жұмысқа тұрады. Ағасы Қолғаната соғыстта із түссіз жоғалып кетеді. Соңғы хатында 1943 жылы Сталинград(қазіргі Волгоград) қаласының маңында ұрыс кіргендігі жайлы айтады, ағасы тірі қалам деген үмітін үзген болу керек ең соңғы хатында: Ана немістің атқан оғы жауған қардай, ана ақ сүтіңді кеш мен бұл соғыстан аман оралалмамын делінеді. Кейін ағасы із түссіз жоғалып кетеді. Әжеміз қайғыға мойымай, Анасы мен сіңілісін  қазіргі Арал ауданы Шөміш стансасына алып келеді. 1943 жылы  осы ауылдың оңтүстік бөлігінде Жуантөбе тауында  темір жолдарды бір тексеріс кезінде, темір жолдың сынығын байқап қалып алыстан келе жатқан паравозды бар екпінмен жүгіріп, қолндағы қызыл жалаушасын көтереді. Алыстан келе жатқан паравоз майданға жауынгерлер, астық соғыс техникасын тиеп бара  жатқан екен, ол кезде паравоз тоқтатсаң үлкен қылмыс еді, әжеміз қорықпай паравозды тоқтатады. Паравоз ішнен екі орыс машинист түседі әжеміз рельстің сынығын айтып түсіндіреді. Әжеміз қатты қорыққан болу керек, көз жас шығып жылап жіберген екен. Жаңағы машинистің біреуі әжемнің жанына келіп, жұбатып құтқарып қалған үшін әжемізге рахметін айтып,  аты-жөнін сұрап жазып алады.Темір жол жөнделгенен кейінпаравоз жолға шығады. Әжемізге өз қызметінде соғыс аяқталамша дейін жүрді. 1946 жылдың көктемінде Орынбор әскери округнің бірінші рангы капитаны Соколов деген кісі келіп  кеудесіне орден тағады. Осы ерлігі және құрметті теміржолшы атағын алады. Кейін, 1950 жылы атамыз Құрманиязов Бақытқа  қосылады, әжемнен 1960 жылы Тамара есімді бір қыз, 1965 жылы Серік есімді ұл дүниеге келеді.  ол менің әкем темір жол  қазіргі Шөміш станциясында ДПС станция кезекші болып жұмыс істейді Анам осы ауылдың аяжаны болып қызмет атқарады.  Атамда темір жолшы болып қызмет жасаған. Әжеміз 1989 жылдың сәуір айында дүниеден өтті. Әжеміздің осы ерлігі есімізде мәңгілік жадымызда, атам 1997 жылы өмірден озды. Мен Құрманиязов Ислам Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік үниверситетінің  тарих мамағында 3 курс студентімін.  Осы  әжеміздің ерлігі тек ауызша айтылмасын деп қағазға түсіріп ерлегін паш еткім келді.

26611227b56e5f50dfd2d08b870a2d31.jpg

8680972878e9407819f4196c4d05bef3.jpg



Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?