Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өндірістік шығындар жайлы концепциялар

29323
Өндірістік шығындар жайлы концепциялар - e-history.kz

Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.

Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратының көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай өлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталисттік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.

19 ғасырдың соңында бірнеше жаңа конепциялар пайда болды. Маржиналисттер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналисттік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.

Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теоиялары пайда болды.

Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері  Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.

Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.

Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.

Өндірістік шығындардың түрлері және олардың классификациясы

Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.

Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.

Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі.  Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу –  нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.

Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар – бұл экономикалық шығындар.

Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.

Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.

Тұрақты шығындар (fixed costs FC) – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.

Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп бөлінеді. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.

Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы «өндірістік шығындардың жиынтығын» құрайды.

Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз.

Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі. Жалпы шығындарды келесі формуламен табамыз

ТС.

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар айнымалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.­

Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілетін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа , негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.

       Махажан Қайрат
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?