Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізі мәселелері.

29228
Қазақстандағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізі мәселелері. - e-history.kz


Қазіргі кезде бірқатар аймақтардың экономикалық баяу дамуы еңбекпен қамтудың қамтамасыз етілмеуіне алып келді. Халықтың кірісінің деңгейі әлі төмен. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» нақтылап былай дәлелдеген: «Өтіп бара жатқан жылда біз моноқалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындарды жұмыспен жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды». Қазақстан экономикасының кеңістіктік дамуы көбінен сараланумен сипатталатыны белгілі. Бұл табиғи-шикізаттық, өндірістік, кадрлық әлеуеттердің үлкен айырмашылығына ғана емес, сонымен бірге аймақтардың қалыптасқан қызмет бағытының деңгейіне, олардың нарықтық қатынастарға бейімделу деңгейіне, ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік шарттарына да байланысты. Сондықтан, республиканың әрбір шағын қаласының мәселелерінің сөзсіз өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар алғы шарттармен де сипатталады. Қазақстанның шағын қалаларының экономикалық дамуының негізгі мәселелері: өнеркәсіптік бір саласы басым болатын қала мекендерінің болуы, білікті кадрлар мен инвестицияларды қатыстыруда тиімді болмайтын бәсекелес позициялар, өнеркәсптік кәсіпорындарының көпшілігінің технологиялық қалыс қалуы, жастардың неғұрлым ірі қалаларға қоныс аударуы болып табылады. Қазіргі индустриалды – инновациялық жаңғырту жағдайда өзекті мәселенің біреуі шағын қалаларды  жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу болып тұр. Сол себепті моноқалалардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, нақты қаланың даму  стратегиясын әзірлеу, шағын және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу, әлеуетті анықтау өзекті болып тұр. Бұл жағдай моноқалалардың дамуында тағы бір қырын көрсетті – ол әлеуметтік тұрақты дамуын сақтау. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету моноқалалардың әлеуметтік қауымын құрайтын тұрғындардың барлық топтарын  әлеуметтік қолдау жүргізбей мүмкін болмайды. Ең алдымен, табысының деңгейі төмен болатын, тұтыну әлеуеті төмен болатын және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі төмен болатын азаматтар ерекше қолдау көрсетуді қажет етеді. Осындай саясатты іске асыру үшін зерттеушілер нақты ұсыныстар береді. Жағдайы төмен отбасыларын әлеуметтік қолдаудың көрсетілуін қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшерін анықтаған кезде, ең алдымен, табыс пен еңбекақы төлеу саласында, әлеуметтік норматив ретінде тамақтану үлесі жалпы құнның 45%-нан артпайтын, тұтыну кәрзеңкесінің неғұрлым прогрессивті құрылымымен күнкөріс минимумын пайдалану қажет. Моноқалалардың дамуына және оның халқының әлеуметтік деңгейін көтеру жолында азық-түлік көмек, медициналық көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй көмегі, білім алу және кәсіби даярлыққа ықпал жасауды жатқызуға болады. Қазіргі  жағдайда өзекті мәселенің біреуі – моноқалаларда еңбек қатынастарын реттеу болып табылады. Республикада қалалық келісімге қол қою тәжірибесінің болмауы қала аймағында ұжымдық – шарттық реттеуге жататын еңбек қатынастарының параметр тізімдерін есепке алып келісім жасаудың  ғылыми-әдістемелік негіздерін дайындау қажеттілігі бар екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған өзінің кезекті Жолдауында үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді және моноқалаларды дамыту бағдарламасын дайындауды тапсырды. Осы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми Қазына» бағдарламасында моноқалалардың әлеуметтік- экономикалық дамуы қарастырылады.

.indd 2013u0433u00a6.pdf 
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?