Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаһандану үдерістері аясындағы Қазақстандағы исламдану үдерістері

29015
Жаһандану үдерістері аясындағы Қазақстандағы исламдану үдерістері - e-history.kz

Әділетті әлем үшін халықаралық қоғамының төрағасы, белгі-лі малайзиялық қоғам қайраткері және саясаттанушы Чандра Мұзаффардың айтуынша, «жаһандану адамзаттың алдына қойылған ең салмақты талаптардың бірі болуы мүмкін». Шындығында, үшінші мыңжылдықтың басында мұсылман әлемі дәл осы жаһандану үдерістерінің ықпалынан туындаған түбегейлі өзгерістердің белдеуінде тұр. Оның қазіргі кезеңінде қатынастарының жаңа құралдары саласындағы технологиялық прогрестің нәтижесінде мүмкін болған халықаралық исламдық ұйымдардың әрекетінің едәуір кеңеюі етек алуда. Бұрын тек жергілікті қауымдарға ғана бағдарланған көптеген діни орталықтар мен қозғалыстар жаһандық деңгейге шыға отырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл ірі ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мұсылман әлемі халықтарының қоғамдық өмірінде діннің рөлінің едәуір артуына әкелді және бұл қоғамның рухани өмірінде тікелей көрініс тапты. Әрине, осыған ұқсас үдерістер планетаның өзге аймақтарында да орын алуда, алайда мұсылман әлеміндегі оқиғалар басқаларымен салыстырғанда, онда діннің маңызды рөл атқаруымен ерекшеленеді. Мұндағы діннің ықпалы қандай мәселелердің қойылуына және олардың қалай іске асуына байланысты әлеуметтік-саяси қозғалыстардың өздерінің нысаны мен мазмұнының көп келбеттілігінен туындаған күрделі кескінінен көрініс табады. Бұл тұрғыдан алғанда діннің жаһандануы қалыптасып қойған діни ахуалдың жаһандық қайта құрылуы үдерісі ретінде түсіндіріле алады және бұл үдеріс ретінде өз бойына мынадай үш аспектілері қарастырылады. Біріншіден, ол жекелеген діни ұйымдардың міндетті түрде болатын өзгерістерін білдіреді. Екіншіден, діни-құқықтық доктриналардың, ғұрыптар мен діни практиканың әдістерінің мазмұнында жаңа сипаттамалар пайда болады. Үшіншіден, жаһандану қандай да бір дін өкілдерінің өздерінің бойындағы, әсіресе олардың интеллектуалдық келешектері тұрғысындағы өзгерістермен қатар жүреді. Алайда жаһанданудың пайдасы мен зиянын пайымдай отырып, жоғарыда пікірі келтірілген автордың артынша, оның пайдалы аспектілері – тек жанама өнім ғана, ал оның әуел бастапқы ниетінің – барынша пайда табу қазіргі адамзаттың барлық әлеуметтік зұлматтарының себебі деген қорытындыға келеміз [1]. Мұның барысында біз «жаһанданудың аспаннан ақша жаудыратын тікұшақ емес екендігін» (Милтон Фридман) де естен шығармауымыз керек. Жаһандану дін мен мәдениеттің кейбір жағымды салдарларына әкелгендіктен, оны толығымен теріске шығаруға болмайды. Қазіргі уақытта жаһанданушылық үдерістердің ықпалымен мұсылмандарда трансұлттық саяси өзіндік сананың қалыптасуы жүруде. Әрине, ешқандай да мұсылман елінің немесе умманың (үмбеттің, қауымның) әлемде, тіпті көршілес елдерде болып жатқан нәрселерден тыс қала алмайтыны түсінікті. Өзекті әлемдік мәселелерді пайымдау жедел жүріп жатыр, халықаралық үкіметтік емес исламдық, оның ішінде жастар және әйелдер ұйымдарының саны мен сапалық деңгейі артты және олар Исламның дамуына, жаңа жағдайлардағы мұсылман бірдейлігінің жасақталуына пәрменді ықпал етуде. Оның үстіне ислам жаһандануға баламалы әлеуметтік үдерістер ұсынбайды және исламның ішіндегі көптеген дәстүрлер оған табиғи түрде қарсы болғанымен, ол жаһанданудың қарсыласы бола алмайды. Сонымен бір мезгілде соңғы кездері батыстық журналистиканың жетістіктері мен тәжірибесін пайдаланатын әл-Жазира сынды сапалы панарабтық БАҚ арқасында жалпы ортақ мәдени-ақпараттық, идеологиялық және тіпті теориялық (мазхабтардың жақындасуы) кеңістіктің қалыптасуы жүруде. Олардың ықпалы тек араб елдерімен ғана шектелмейді, оларды барлық ислам әлемінің өкілдері көреді, өйткені араб тілі көп жағдайда барлық мұсылмандардың және, әсіресе, ислам элитасының ұлтаралық тілі болып қала береді. Өз кезегінде Бүкіләлемдік ғаламтордың (WWW) арқасында барлық әлемде Исламды түсіндіріп, таратуы орын алуда. Ал Facebook әлеуметтік торабы арабтың «Ашулы күнін» күллі әлемге таратты.  Дегенмен, әзірге мұсылмандардың бұқаралық санасы жаһандануды мейлінше жағымсыз қабылдайды. Бұл салмақты пайымдауды қажет етеді, өйткені нәрселердің жағдайы ислам әлеміндегі жаһанданудың келешектерін күрделілендіріп жібереді. Қазіргі «ислам ренессансы» мен жаһандану үдерістері Қазақ- станды да айналып өтпеді. Қазақстанның исламдану айғағын бүгін ешкім де теріске шығара алмайды. Егер ЕО елдері үшін исламмен қатынас – өз бірегейлігін сақтап қалу мәселесі болса, Қазақстан үшін мұндай мәселе жоқ. Алайда бүгінгі күні республикада діндарлардың саны халықтың ең кедей бөлігінде көп болуына байланысты діни-идеологиялық шекараның әлеуметтік шекарамен сай келу қауіпі, қазақстандық сарапшы Тимур Козыревтің пікірінше, мұсылман қауымының толық әлеуметтік құрылымына қоғамның қалған бөлігін қарсы қою қиынға соғады. Оның үстіне «конфессияаралық қатынастарға қарағанда, зайырлылық-ислами қатынастар анағұрлым маңызды» және дінге қатысты ішкіқазақ бірлігінің мәселесі дәл осы тұғырда тұр [2]. Сондықтан Қазақстанға «өз» исламына бағдар ұстануға тура келеді және ол «қазақы» болғанымен, дәстүрлі исламнан алшақтай қоймайды әрі өзін бүкіл мұсылман әлеміне қарсы қоймайды. Онсыз елдің қоғамдық өміріне мұсылмандық құндылықтардың ену сценарийін біз үшін басқа күштер мен басқа идеологтар жазып беретін болады. Әрине, Қазақстанда қызмет етіп отырған заңнаманың шеңберінде елдің саясатына исламның араласуы мүмкін емес және қажет те емес. Алайда қоғамның бір бөлігі діннің мемлекет істеріне тікелей араласуын толық қалыпты нәрсе деп ойлайды. Саясатқа қатысудың мұндай формаларын, ұсталған исламистердің санына қарағанда, әлі жеткіліксіз (маргиналды) деп есептеуге болады. Заңды ислам ұйымдарының өздерінің де ел басқаруға жанама болса да қатысуға үлкен бейілдігі жоқ. «Болмайды, бірақ қатты қаласаң, болады» деген ұстынды, практика көрсетіп отырғандай, билік пен азаматтар арасындағы қатынасқа қолдануға әбден болады. Қалауы болса діни көшбасшылар мен ұйымдар елдің саяси өміріне мейлінше белсенді қатыса алады. Алайда соңғы кездері Атырау мен Таразда орын алған оқиғалар барысында мынадай сауал туындайды: «Мұндай ахуал әлі қанша уақытқа созылады? Елдің өмірінде дін қандай орын алуы керек?». Мемлекеттік құрылыстың бұл өзекті сұрақтары саяси исламның экспорттық нұсқасымен ұшырасқан елдің күштеу органдарының алдына мемлекет пен дін құндылықтары жүйесі сәйкестігін кім реттейді деген сұрақты тартады. Бұл «кімнің», әрине, мұның бәрінен бұрын мұқтаж болушы, яғни мемлекеттің өзі болғаны дұрыс. Қазіргі «саяси ислам» термині батыстық журналистикада көбіне теріске шығарушы коннотацияға ие болмағанның өзінде, күмәнділіктің реңкін білдіреді. Бұл түсінікті де – исламдық құндылықтарды саясатқа енгізу қажеттілігін жариялау көп жағдайда бұл саясаттың өзінің радикалдануын білдіреді. Мұның расталуын қазіргі заманғы тарихтан көптеп табуға болады. Мысалы, ең танымал ислами саяси ұйымдардың бірі – «Ихван аль-муслимин» («Мұсылман ағайындар») исламды «сенім әрі мемлекеттілік, кітап әрі қылыш және өмір тәртібі» деп түсініп, дін «бауырларының» ұстанатын осы ұстындарынан өзге негіздерге құрылған кез келген басқа мемлекеттік құрылысты теріске шығарады. Қазақстанда исламданған азаматтардың үлесін анықтау мейлінше қиын. Егер Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) өз намазқандарын 11 миллион деп есептесе (бұл мұсылман дінін дәстүрлі санайтын елдегі ұлт өкілдерінің санымен бірдей), ал «Қазіргі Қазақстандағы діни фактор» әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері бойынша (мұны еліміздің 14 облыстық орталықтарын, «солтүстік» және «оңтүстік» астаналарды қамтып, 2011 жылдың жазында Саяси шешімдер институты жүргізді) Исламды қазақстан- дықтардың 63,5 % ұстанады [3]. Қоғам өміріндегі діннің белгілі бір пайдалылығын мойын- дай отырып және діннің бекіткен адамгершілік нормалары мен қағидаларын ішінара немесе сөзбен бөлісе отырып, қазақстандық- тардың басым бөлігі дін олардың өмірі мен қылықтарын белгілі дәрежеде анықтап отыруы тиіс деп есептейді. Осындай «сырттай- діни» қоғам радикалды идеяларды қабылдай ала ма? Американдық зерттеуші Грэхем Фуллердің «саяси ислам саяси бұрмаланған мұсылмандардың мәдени жамылғысы» деген саяси исламға берген анықтамасынан шығар болсақ, әбден мүмкін. Оның үстіне, Қазақстанда бұл діннің саяси сахнаға шығуы үшін қажетті барлық шарттар формальді түрде бар. Егер, әрине, бұл үдерісті мұхиттың арғы жағындағы зерттеушінің жоғарыда келтірілген пікірі тұрғысынан түсінер болсақ. Урбанизация үдерісі, әсіресе ауыл тұрғындары есебінен қалалық қазақтардың санының өсуі және ауыл халқының өмір деңгейінің салыстырмалы түрде төмендігі мұндай ортада әлеуметтік құрылысты «түзету» туралы идеялардың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл идеяларды адресаттың қабылдауы үшін ыңғайлы формаға киіндіру оңайдың оңайы. Ислам құндылықтарын саясатқа енгізуден қорықпау керек деген Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібековтің сөздері көбіне дұрыс. «Ислам нормаларының елдің өміріне ену үдерісі ұлттық мүдделерден немесе мемлекеттің зайырлы негізінен бас тартуды білдірмейді. Шынайы мұсылман үшін жетекші болатын нәрсе ислам қағидаларын өз қалауынша түсіндіретін көбейе түскен беделді діни көшбасшылардың пікірі ғана емес, оның өзінің ар-ұяты мен парызы, оның ішінде туған елге деген де парызы» [4]. Бірақ мұндай идеалды үлгі қазақстандық болмыста өмір сүре ала ма? Олай бола қоймас, өйткені мемлекеттік құрылыс ісінде ар- ұят пен парызға сүйену, өзін үнемі ақтай қоймайды. Қазақстандағы исламдану толқынын тудырған не? Жауабы айқын – бұл саладағы діни ағартушылықтың жоқтығы. Діни надандық әлеуметтік әділетсіздік сезімі ұштала түскен жас азаматтарды «жан аулаушыларға» жетелейді. Мұның жарқын мысалын болашағынан мол үміт күттіретін жігіттен экстремиске айналып шыға келген «Нұр- Мүбәрәк» ислам мәдениеті универитетінің түлегінің тағдырынан табуға болады. Исламдану үрдісінің басқа бір факторы «Хизб ут- Тахрир» тәрізді қозғалыстардың культуртрегерлік қызметі болып табылады. Көп адамдар бұл ұйымдарға қандай да бір саяси мақсат көздеп емес, ислам туралы көп білгісі келгендіктен барады. Дегенмен Қазақстанның қазіргі саяси өмірінде заңмен бекітілген саяси исламның болмауы еліміздегі бұл құбылыстың орны туралы мәселе маңызды емес дегенді білдірмейді. Нарықтық экономикасы бар құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекет құру туралы көбіне «жұмысшы» идеологиясы бар Қазақстанда мемлекеттік құрылыс үдерісін одан ары дамыту мейлінше әралуан идеологиялық бояулары бар «саяси палитраны» білдіретіні түсінікті. Мұндай жағдайларда бағдар көрсететін мемлекеттің біртұтас идеологиясын құру анағұрлым қажет бола түседі. Оның үстіне құндылықтардың мемлекеттік жүйесі әмбебап, яғни барлық таптардың немесе діни топтардың көзқарастарымен сай келетіндей болуы тиіс. Елдің ислами радикалды формалар дамытылған мемлекеттердің қауымдастығына түсіп үлгергенін мойындауға асықпайтыны үшін бүгінгі күні барған сайын қазақстандық басылымдар (мейлі басылымдық, мейлі электронды болсын) билікті сынау үстінде. Бір қарағанда, Қазақстанда исламның радикалдануы күтпеген жағдай болып көрінуі мүмкін, өйткені Президент Н.Ә. Назарбаев 20 жыл бойы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау қажеттілігі туралы айтып келеді. Алайда, 2009 жылдың сәуір айында исламды қазіргі әлеуметтік болмысқа бейімдейтінін жариялаған жаңа діни ағым – «құраншылар» «күтпеген жерден» пайда болды. Мұның нәтижесінде не шығатынын айту қиын, өйткені бүгінгі күні қазақстандық мешіттердің басында сопылықтың (көбіне «клас- сикалық сопылықпен» ортақ ештеңесі де жоқ – Е.Б.) өкілдері де, салафилер мен құраншылар да тұр. Қазақстандықтардың соңғы кез- дері исламның дәстүрлі емес ағымдарына да қызығушылық таныта бастағаны көңілді күпті етеді. Бұл, әсіресе, қазақ тілді халық басым еліміздің батысы мен оңтүстігінде белең алғаны байқалады. Таяуда Алматыда Исматулла Мағзұм бастаған сопыларды жазалаған сот, бүгінгі үстем саяси режимге қарсыластардың санын тек арттыра түседі. Исламның дәстүрлі емес ағымдарына қарай осылайша қайта бағдарланудың басты себептерінің бірі, кейбір сарапшылардың пікірінше, 2007 жылдың екінші жартысынан басталған қаржылық- экономикалық дағдарыс болып табылады. Өздерінің жүріс-тұрысы жағынан мемлекеттік шенеуніктерді еске түсіретін ҚМДБ мен Епархиямен салыстырғанда салафилер, құраншылар, сопылар және т.б. өздерінің әлеуетті ізбасарларымен байланысқа оңай түсіп қана қоймай, кейде оларға материалдық тұрғыда көмектесіп те тұрады. Сондықтан да әлеуметтік-экономикалық мәселелер жағдайында, қазақстандықтардың басым бөлігі өздерінің экзистенциясымен уайым шегіп жатқан тұста, әртүрлі ислами радикалды ағымдар жақтастарының саны Қазақстан үшін қауіп төндіретіндей көлемде ұлғаюда. Қазақстанда дәстүрлі исламдық емес ағымдардың адамдарға тек сөзбен ғана емес, іспен көмектескен жағдайлары белгілі, мысалы, олар үйі өртенген адамдарға үйлерін қалпына келтіруге көмектессе, шенеуніктер мен ресми ислам өкілдері көмектен бас тартудың көптеген сылтауларын тауып жататын. Нәтижесінде олар өздерінің көңілін салафилер жағына бұратын. Осыдан барып республика халқының бір бөлігі исламның негізқұраушы догматтарының бірін нақты іске асыратын осы ағымдарға, оның ішінде салафилерге бүйрегі бұрды. Сондықтан, республикамыздағы екі негізгі конфессияға аталған бағыттағы жұмысын белсендендіру қажет. Көріп отырғанымыздай, мемлекет дәстүрлі емес исламның жақтастарының санының өсуінен қауіптенгенімен, идеологиялық қарама қарсылықта жеңіліс тауып отырады. Оның үстіне, соңғы жағдайлар барысында жекелеген исламдық қозғалыстардың (ИДУ, «Халифат сарбаздары» және басқалары) өкілдері мәселеге тікелей байланысты, ресми Астанаға жихад жариялады. Аймақтың ислам кең таралған тұрғындарында, оның ішінде Қазақстанда Батысқа қарсы көңіл-күйлер байқалады; содырлық және лаңкестік топтардың радикалды идеологиясын қолдау; аймақтағы әлеуметтік-саяси шиеленістің діни пиғылдағы экстремизм мен терроризмге айналуы; террорлық актілер әдістерінің артуы мен жетілдірілуі аңғарылады. Осыған орай Қазақстан мен Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмге нәр беріп отырған факторлар мен әлеуметтік үдерістердің кең шоғырының өзгеру динамикасын зерделеу қажеттілігі бұл бағыттағы зерттеулердің өзектілігін алға тартады. Орталықазиялық аймақтағы ықтимал тұрақсыздықтың әлеуеті әлеуметтік-экономикалық сипаттағы белгілі бір мәселелерге байла- нысты сақталып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда аймақтың басқа мемлекеттерімен салыстырғанда өзінің экономикалық дамығандығы себепті Қазақстанның жағдайы анағұрлым ырыс-берекелі. Дегенмен, кедейлік, тақыр кедейлік, жұмыссыздық, қоғамның әлеуметтік алшақтануы сияқты әлеуметтік қарама-қарсылығы тұ- рақсыздандырушы топтардың қатарын толықтыруға едәуір ықпал етеді. Лаңкестік топтардың идеялық жетекшілері әлеуметтік- экономикалық тұрғыдағы мәселелерді өз мақсаттарына оңтайлы пайдаланады, олар пауперлерден бұл «қуыршақ ойнатқыштар» «бейбітшілік пен келісім территориясын» жұтып қоятын «қара тұңғиық» жасап, «қанды шерудің» қатысушыларын даярлайды. Сондықтан осындай белгілі бір мақсаттар қойған экстремистік топтардың пайда болуы мен таралуы бізді алаңдатпай қоймайды. Оның үстіне еліміздегі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер деструктивті элементтердің қолындағы қаруға айналатын қаупі бар. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның конституциялық құрылысын қорғау мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында өзекті әрі табиғи болып табылады және бұл күштеу органдарының да назарында болуы тиіс. Соңғы үш жылдың ішінде Орталық Азияның сыртқы периметрі бойынша, атап айтқанда ҚХР СҰАР-дағы сепаратистік топтардың саяси белсенділігі байқалады, Ауғаныстанның көптеген шалғай аудандарында «Талибан» қозғалысының ұстанымы қайта бекітілді, бірқатар үзілістен кейін ИДУ «қайта тірілді» (оның жаңа жетекшісі Усман Әділ қозғалыстың ұйымдастыру құрылымын «қайта құруда» және егер бір қазақстандық әскери қызметкер ауған жеріне аяқ басса, Қазақстанға жихад жариялаймыз деп қорқытуда). Осы және басқа да факторлар жекелей алғанда Қазақстанда да, тұтастай алғанда Орталық Азия аймағында да терроризм мен экстремизмді құнарландырып тұрған әлеуметтік факторлардың өзгерісін зерттеу міндетін объективті түрде өзектендіреді. Мұнан өзге сарапшылар қауымдастығына және нақты ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтында құрылған Дінтанулық зерттеулер бөліміне мына бағыттардағы зерттеулерге назар аудару керек: - Қазақстанда терроризм мен экстремизм таралуының негізгі үрдістерін талдау; - Қазақстанда содырлық пен лаңкестіктің пайда болуы мен таралуының әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын сараптау; - Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан Республикасындағы террористік ахуалдың дамуын болжау және талдау. Осылайша, Қазақстандағы исламдану үрдісінің белсенділен- діруін, терроризм мен діни экстремизм көріністерінің күшеюін діни институттардың вестернизация, модернизация және секуляризация үдерістеріне жауап ретінде қабылдау және ислам факторының ғаламдық ұлғаюы мен қазіргі жаһандану үдерістері аясында қарастыру керек, сондай-ақ діндарлықтың жаңа толқынының пайда болуын жаһанданудың жағымсыз салдарларынан қорғанудың нысаны мен тәсілі ретінде қабылдаған жөн. Мұның барысында қазақстандық қоғамды жетілдіру (модернизациялау) ислам ұстындарын сақтау мен қайта қарағанда ғана табысты бола алады және ол біздің алдағы қозғалысымыздың жолы мен траекториясы болуы тиіс.

Әдебиеттер

1. Қараңыз: htpp: // www. Islamonline.net

2. Қараңыз: htpp: // sonaks.net/articles/342762 3. Қараңыз: htpp: // www.ipr.kz/projects/2/2/30 4. Қараңыз: htpp: // i-p-ru/page/stream-trends/index-11520.html

Еркін Байдаров
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?