Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бақтыораз Бейсекбаев

Бақтыораз Бейсекбаев  - e-history.kz
Аты Бақтыораз Бейсекбаев
Туған күні 1920
Қайтыс болған күні 1941
Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі қазақстандықтарға белгілі.

Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Біз мектепте оқып жүргенде соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне ұшағын арнайы барып құлаған Гастелллонның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр. 

Оқиғаның жалпы сарыны былай: 1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күні қиян-кескі ұрыстан аман қалған ұшақтарының бәрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бұл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкісінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүріл мен жердегі дүрілден құлақ тұнған шақта екі топқа бөлінген ұшақтарды капитан Александр Спиридонович Маслов пен Николай Францевич Гастелло командир болған экипаждарды бастады. Жаудың танк колонналарына шүйілген ұшақтар тобының алдыңғы қатарында Масловтың экипажы бар еді. 

Жерде қоңыздай жорғалаған құрыш сауытты танкілерге олар ойдағыдай ойран салып қайта бергенде жау жақтан атылған оқ алдыңғы екі экипажды да отқа орады. Штурвалына зақым келді ме, немесе басқадай бір себеп болды ма — Гастеллоның ұшағы әлдеқайда алысқа құлаған. Әйтеуір бір өлім барын тез ұққан Масловтың экипажы ұшақты тура танкілердің колоннасына бұрған. Ішінде атқыш Бақтыораз бар экипаж түгелдей опат болса да, бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасаған еді. 

Бұл оқиғаны көрген басқа ұшақтардағы экипаж мүшелері танктердің үстіне түсіп өртенген экипаж Гастеллоныкі шығар деп топшылаған. Аға лейтенант Воробьев пен лейтенант Рыбастың сырттай болжауымен Масловтың экипажы елеусіз қалған да, Гастеллоның даңқы дүниежүзіне тарап кетті. Тарамағанда қайтсын, Ұлы Отан соғысындағы ең алғаш Батыр! 

Арада он жыл өтеді. 1951 жылы 12 мамырда Белоруссия мемлекеттік әскери мұражайының директоры Шучский Молодечненский облыстық атқару комитеті төрағасының атына «құпия» деген белгімен хат жазып, Родошковичи поселкісінің маңына құлаған Гастелло басқарған ұшақ экипажының мүшелерін орталық зиратқа әкеліп қайта жерлеу жөнінде ұсыныс жасайды. Директордың ойында имандылықтан өзге ештеңе жоқ. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері қаһармандықпен қаза болған ерлерге жаңа ескерткіш орнату ғана пиғылында бар еді. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Б. Тоғысбаев, А. Сужиков. «Тарихи тұлғалар»/ — Алматы. «Алматыкітап» баспасы, 2011. — 350-351 бб.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?