Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Манасбай Дүйсенов

2326
Бір суреттің тарихы. Манасбай Дүйсенов - e-history.kz

ac122dec550e79f0e322eb368d18700c.jpg

09.05.2016

Манасбай Дүйсенов 1923 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, Латвия, Литва, Орел, Курск, Кенигсберг, қалаларын азат етуге қатысты. 1945 жылы шілдеде Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысқан. 

Маршал Жуков пен маршал Рокоссовский парадқа қатысатын солдаттарды өздері таңдаған. Иықты, бойшаң, өр кеуделі жас жігіт сарбаздардың арасынан суырыла шығып, көзге түсіпті. Осылайша тарихи маңызды шараның куәгері болды. 

1947 жылы елге оралған соң түрлі ұсынылған қызметтерге қарамастан «шопан боламын» деп шешкен. Әкесі Асанбай айқайға басып, «бір қой өлтірсең басың кетеді, сотталасың» деп бой бермеді. Бірақ белін бекем буған Манасбай Дүйсенов айтқанынан қайтпай мал алып, шопан атанды. 40 жыл қажырлы еңбек етті. «Социалистік Еңбек Ері» атағын алайын деп тұрғанында араға адам түсіп, Айша Меңлібаеваға бұйырыпты. 

25046651ecda3f4144ab61ee40993c8f.jpg

Дінмұхамед Қонаев қабылдап: «Мына қырғыздар «Манас, Манас» деп мақтанады. Өзімізде де «Ер Манас» бар екен», – депті. Содан кейін ауыл арасында «Ер Манас» аталып кетті. Тік мінездігілігінен болар, басшылар қорқатын. Ешкімге иіліп барған емес. Бұрынғы облыс әкімі, қазіргі сенатор Икрам Адырбеков Жеңістің 60 жылдығы тұсында пәтер береміз деп қол қойғанымен, батыр атамыз 2005 жылы 60 жылдықты тойлап, бір айдан соң дүние салды. Осылайша үй берілмей қалды. 

 «За отвагу», «За взятие Кенигсберга», «ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ» ордені мен көптеген медальдар алды. Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев өзінің «Шөл» атты кітабында соғыс әрі еңбек ардагері Манасбай Дүйсеновтің өмірі туралы естеліктер жазған. Ерлердің ерлігі ұмытылмайды деген осы.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?