Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Келешекке қол созған елорда

873
Келешекке қол созған елорда - e-history.kz

Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.

Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. Астананың жобалау базасының дамуына 2000 жылы құрылған жобалау институты - “Астана бас жоспары” МҚК-ның қосқан үлесі зор. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия, Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т.б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты.

Жеңіске әлемдік сәулет өнерінің шебері және танымал теоретик Кейшо Курокава жетті. Астананы дамыту негізі етіп, сембиоз, метаболизм және абстракциялық символизм идеяларын алды. Жапон сәулетшісі үшін қала – бұл қоршаған ортамен тамаша үйлесіп жатқан жергілікті ландшафтқа көрік беріп тұрған тірі организм. Бұл идея Есілдің жағасында кең далада бой көтеріп келе жатқан Елордаға сәйкес келді. Ең басында-ақ құрылысшылардың алдына қалананы сәулетті, жарық, үйлесімді және ыңғайлы салуға тапсырмалар жүктелді.

Қаланы салуда және оны қайта жаңартуда міндетті түрде әлемнің озық тәжірибелері мен дәстүрлі жетістіктер қолданылды. Бірінші кезекте, қаланың бұрынғы орталық көшелерін қайта күрделі жөндеуден өткізу, оны елорда мәртебесін сай жасау міндеті тұрды. Бұл жұмысты жүргізген кезде ашық түстерді көбірек қолдануды тапсырды. Екінші кезекте, Есілдің сол жағалауында арнайы әкімшліктің құрылысы басталды. Келесі жылдың күзінен бастап орталықтың жұмысы толық ұйымдастырылатын болады.

Кұрылысы басталғаннан бері осы жылдың 1-ші шілдесіне дейін Арнайы экономикалық аймаққа (АЭА) 162 нысан тіркелген. Дәл қазіргі кезде Есілдің сол жағалауында 500 орындық балаларға және аналарға арналған республикалық ғылыми орталық, 300 орындық балалар сауықтыру орталығы, 160 орындық нейрохирургиялық республикалық орталығы, 240 орындық жедел медициналық орталығы, бірінші кезекте 500 адамды қабылдай алатын диагностикалық орталық сонымен бірге велотрек, 30 мың көрерменге арналған стадион және 3500 адамға арналған концерт залы және көптеген тұрғын үйлер және т.б. бой көтеріп келе жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Астананың картасында “Ақорда” ҚР Президенттің Резиденциясы, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Транспорт және коммуникация министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Жоғары сот, Ұлттық кітапхана, кардиологиялық орталық таға да басқа көптеген стратегиялық маңызы бар нысандар пайда болды.

Осы жылы тағы да бір маңызды әкімшілік орталық – Министрліктер үйі пайдалануға берілді. Аталған нысанның жалпы аумағы – 228 мың шаршы метрді құрайды. Нысан құрылысы шамамен 1,5 шақырымды қамтиды. Онда 20 блок бар. Министірліктер үйінде жұмыс кабинеттері мен офистік бөлмелермен қатар 4 конференция залы, 6 асхана, мұрағат, мұражай, емхана орналасқан.

Есілдің сол жағалауында салынып жатқан АЭА-қа құрылғаннан бастап (2006 жыл 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) қаржыландырудың барлық көзі бойынша 442,6 мирд. теңге бөлінген, оның 239,4 млрд. теңгесі игерілді.

Қас қағым сәтте адам айтқысыз тез өсіп келе жатқан Астана саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамтанушылардың және сәулетшілердің де қызығушылығын оятып отыр. Сондықтан да болар елордада бой көтерген жеке нысандарға шетелдік сәулетшілер де өзінің үлесін қосуда. Мысал үшін, Астана салынып жатқан биртандық шебер Норман Фостердің екі жобасын алуға болады. Біріншісі, Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы және “Хан шатыры” атты сауда ойын-сауық орталығы. Бұл нысан ұлы көшпенділердің озық дәстүрі мен мәдениетін негізге ала отырып бой көтерген.

Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай. Бұл жерге әртүрлі әлемдік діни дәстүрлердің өкілдері қатысатыны, Мәдениет мұржайында, Өркениет Университетінде, 1500 орындықты опера театрында бас қосатыны ақылға қонымды. Бұл тамашаға қолдау көрсететін төрт мықты тіреуіш – символдық «әлем алақаны». Бұл - діни татулықтың, Қазақстанның еркі мен ашықтығын білдіреді. Пирамида Есілдің сол жағалауымен оң жағалауын байланыстырады. Құрыш, алюминий, көптеген арнайы шыны конструкциялар, техникалық ғаламат ойлар, сәулет өнеріндегі жаңашылдық – ғимаратты шындығында ғажайыпқа ұқсатады.

«Хан шатыры» ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі болмақ. Жаңа қаланың осінің солтүстік жағын ала бере, көздің жауын алатындай, екі жүз метрлік сұлу ғимарат бой көтермек. Атауының өзі айтып тұрғандай, қала тұрғындары мен қонақтарының алдынан көшпенді алыптың қолымен тұрғызылған хан шатырлары есіктерін айқара ашып, көпшілікті таңқалдырмақ. Бірегей сәулет-құрылыс тұжырымдамасының өзі ежелгі Сарыарқаның қатал климатына бір өзі төтеп беретіндей ойластырылған. Елорданың жаңа ойын-сауық орталығында бірнеше табиғи ландшафт ұсынылады. Жарық, ылғалдылық пен температура жыл бойы бақыланып, ауа райы қатал аймақтың тұрғындары үшін жайлы орынға айналады. Масатыдай құлпырған жасыл желекті баспалдақты дәлізді көргенде, еріксіз есіңізге климаттық белдеу түседі. Соңғы үлгідегі материалмен қапталған ғимараттың құрылымы арқылы түскен табиғи жарық айналаны нұрға бөлегендей.

«Астана-Бәйтерек» монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім. Бұл темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек, сәулеттік өзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық «хамеолеон» әйнегінен жасалған шар, әлемде тұңғыш рет осындай «рекордтық» самғау биікке көтерілді. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.

"Атамекен - Қазақстан картасы" этно-мемориалдык кешені.Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы 1,7 гектар ауданды – екі футбол алаңын алып жатыр. Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан.

Астананың туристік бағдары да күн санап өсіп келе жатыр. Осы жолда салынған Астанадағы алғашқы бесжұлдызды қонақүйдің бірі – “Интерконтиненталь”. Бар жоғы 2 жылдың ішінде тұрғызылған қонақүйдің тұсауы кесері 1998 жылы маусым айында болды. Ғимараттың жалпы аумағы – 47 мың шаршы метрді құрайды.

Астанананың айқарлы беттерінде елорданың қақ төрінде орын тепкен, еуразияшылдықтың символы болып отырған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің бастамасымен университетке атақты түркітанушы-ғалым Лев Николаевич Гумилевтің аты берілген болатын. Университетте жиі-жі халықаралық ғылыми форумдар өтіп тұрады. ЕҰУ-не Елбасы, Үкімет басшысы және танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері кездесу жасап тұрады. ЕҰУ-де әлемнің ірі тұлғасы болып есептелген Рим Папасы Иоанн Павел ІІ қонақ болған.

2000 жылы пайдалануға берілген Президенттік мәдени орталық астаналықтар үшін ғылыми-рухани орталықтардың бірі болды. Президентттік мәдени орталыққа 570 мың кітап қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы, Қазақстан мұражайы және шеберхана кіреді. Ғимараттың жалпы көлемі 15 мың 500 шаршы метр. Астананың мәдени-рухани өмірінде ақ-қара түске кезектескен роялға ұқсайтын Қазақ мемлекеттік музыка академиясы. Осы ерекше архитектураның авторы – Сағындық Жанболатов. Астанадағы тағы бір ерекше көзге түсетін ғимаратын ұшатын тарелканы бейнелеген цирк ғимараты. Жобаның авторы – қазақстандық архитектор Төлеген Әбділда.

Астананың көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы автокөлік ағынын ұтымды реттеуге, көшелерді кеңейту арқылы көліккептерістерін болдырмауға, аспалы көпірлер салу арқылы қаланы жаңа әкімшілік орталықпен байланыстыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Көлік инфрақұрылымын кеңейту мен дамыту бойыншааталғанжоспарлар жұмыстары қала көшелеріндегікөлік ағындарын нақты түрде саябырсытып, Астана қаласының автокөлік жолдарының желілік жағдайын жақсарта түседі,сондай-ақ, қаланың көліктік қатынастарын қамтамасыз ететін жаңабағыттар ашуға жәнеқолданыстағы бағыттарды бөлуге мүмкіндік береді. 2006-2010 жылдар аралығында Астана қаласында жалпы алғанда 20 көлік-инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 4 көпір, 8 көлік түйіні, 8 жерасты жаяу жүргінші өтпелері, 2 жол желілері мен 42 шақырымды құрайтын бірқатар жаңа жолдар пайда болады.

Соңғы бір-екі жылдың клемінде Қазақстанның халқы 4 есеге кбейіп отыр. Қаланың экономикалық бөлінісі ЖІӨ-нің 2 пайызын құрайды. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында елорданың бюджетіне 176 млрд. теңге, бұл күткендегіден 15 млрд. 200 млн. теңгеге көп. Шағын бизнестің де саны 40 мыңнан асады.

Бүгінде елорда әлемнің 20 жуық елдерімен Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. Астана үлкен қалалар мен Халықаралық астаналар Ассамблеиасына (МАГ) кірген. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға, ең жоғары белгілердің бірі “Бейбітшілік қаласы” деген атақ берген болатын. Дәл қазіргі кезде әлемнің белгілі сәулетшілерінің қатысуымен Елбасының төрағалығымен құрылысшылар кеңесін құру мәселесі шешіліп жатыр. Осы жылдың қыркүйек айында елордада скульпторлардың халықаралық сиппозиумы өтеді.

Астана - әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін болады.

Дереккөз: http://kz.government.kz/site/Reviews/rev1

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?