Домбыра музейі

22

Орал қаласындағы «Домбыра – ұлттық рух» музейі – қазақтың күй өнері мен ұлттық аспап тарихын танытатын ерекше мәдени орын. Мұнда домбыраның көне үлгілері, Батыс Қазақстан күйшілік мектебіне қатысты құнды жәдігерлер, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей сынды өнер тұлғаларына арналған материалдар қойылған. Музей экспозициясы арқылы келушілер домбыраның тек музыкалық аспап емес, халықтың рухы, жады мен тарихи болмысын жеткізетін киелі мұра екенін терең сезінеді.

Фотоматериалдың авторы: Артем Чурсинов
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз