Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

108 жыл бұрын (1906) Ресейдің Выборг қаласында бірінші Мемлекеттік думаның таралуын заңсыз деп таныған депутаттар халыққа үндеу жолдады.

23 жыл бұрын (1991) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік салық қызметі құрылды.

- = -

15 жыл бұрын Қызылорда облысынан тарихи көмбе табылды

26565
15 жыл бұрын Қызылорда облысынан тарихи көмбе табылды - e-history.kz
2005 жылы Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды
Жаңадария-Сырдария саласы өзендерінің жағалауында орналасқан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы. Бұл жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. Бүгінгі таңда ол археологиялық ескерткіштердің тізіміне енген. Қазба жұмыстары кезінде екі метрлік тереңдікте найзаның ұштары, қыш ыдыстары, алтыннан жасалған бұйымдар табылды.