Тарихшылардың ұлттық конгресі аясында кітаптардың тұсаукесері өтті

27

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресі аясында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат», «Адамзаттың Абайы», «Абай ғибраты» және «Ұлт тарихындағы тұлғалар» атты төрт кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара университеттің оқу-әкімшілік ғимаратындағы «Күлтегін» атриумында ұйымдастырылды.

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, тарихшы-ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Фотоматериалдың авторы: Арман Мухатов
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз