Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Атажұртқа оралған аманат»

293

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Атажұртқа оралған аманат» атты маңызды іс-шара болып өтті. 

Шара барысында Түркиядағы қазақтар арасында аты белгілі ақын, жазушы Зейнел Сүрмелінің кітабының тұсауы кесілді. Бірегей кітап қазақ және түрік тілдерінде жарық көріп отыр.

Ұлттық мұраны сақтау жолындағы еңбектің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы Түркия елшілігінің, Қазақстандағы Үндістан елшілігінің және Қазақстандағы Британия елшілігінің өкілдері, Түрік ынтымақтастығы және үйлестіру агенттігінің Астанадағы өкілдігі (TIKA), Turkish Airlines әуе компаниясының өкілдері, Отандастар қорының өкілдері, Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының өкілдері қатысты.