Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Шеркеш мәмлүк сұлтандары» кітабы жарық көрді

2001

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Шеркеш мәмлүк сұлтандары» тарихи-деректі зерттеу кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Qazaqstan tarihy порталы.  Іс-шараға кітап авторы, арабтанушы Қайрат Сәки, Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламент депутаттары, тарихшы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Туындының басты мақсаты – ортағасырлық жазба мұраларды талдай отырып, шеркеш мәмлүктердің шыққан тегін және олардың басқа ұлыстармен этникалық, лингвистикалық, этнографиялық байланысын анықтау. Тарихи шығарма орта ғасырда 267 жыл өмір сүрген Түркі мемлекетінде Бейбарыс сұлтан негізін қалаған қыпшақ мәмлүктерін ауыстырған Шеркеш сұлтандары турасында сыр шертеді.

Фотоматериалдың авторы: Артем Чурсинов