Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәтбаев себеп болған Үгедей

2315
Сәтбаев себеп болған Үгедей - e-history.kz
Бүгін Алаш қозғалысының көсемі, қазақ ұлтының еркіндігін аңсап сол үшін басын бәйгеге тіккен Әлихан Бөкейханның туған күні

Қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрескен Ердің артында қанша ұрпақ қалды, елге есімі шыққандары бар-жоғы жайлы біле жүріңіз.

Әлихан Бөкейхан ­­1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Ол – қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкейдің төртінші ұрпағы.

Ә. Нұрмұхамедұлы Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси «Алаш» партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алаш Орда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, аудармашы әрі публицист.

Кей зерттеушілердің айтуынша Әлихан Бөкейхан 35-36 жасында үйленген. Ол «Степной край» газетінде жұмыс атқарып жүріп, саясаткер Яков Севостьяновпен танысып, жақын араласа бастайды. Жақын қарым-қатынас орната келе саясаткердың қызы Еленамен де танысады. Яков мырза бір күні қызын шақыртып, Әлихан екеуіне ақ батасын береді.

Ғалым, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы сол Елена мен Әлиханның отбасы құруы туралы былай дейді:

«Әлиханның жеке өміріне қатысты мәліметтерде үйленуіне байланысты оқиғалар беймәлім күйінде қалып отыр. Оның өзге ұлттың және оның үстіне христьян дінінің қызына үйленгендігі – басты құпия емес. Әлихан өзіне қалыңдық ретінде орыс қызын – Елена Яковлевна Севостьяновнаны таңдады».

Әлихан мен Еленаның 1903 жылы Елизавета, 1904 жылы ұлы Сергей (құжат бойынша) дүниеге келеді. Алаш ардақтысы қызын Зейнеп, ұлын Үгедей деп атайды.

Мәскеу кен академиясын бітірген 1929 жылы бітірген инженер-геолог Үгедей Бөкейханов еңбек жолын Жезқазған жеріндегі Қарсақбай мыс комбинатында бастаған. Кейбір жазбаларда оны есімі Үкітай немесе Өкітай деп те жазылып жүр. Құжат бойынша оның аты-жөні Сергей Александрович Бөкейханов еді. Жас геологтың Жезқазған жеріне табан тіреуіне себепкер тұлға қазақтың жарқыраған жұлдызы Қаныш Сәтбаев болатын.  

ССРО Ғылым академиясының Үлкен Жезқазған және Үлкен Алтай проблемаларын талқылауға арналған 1934 жылдың 10-15 қарашасында Мәскеуде өткен ғылыми кеңесінің сессиясында Қаныш Сәтбаев сынды белгілі ғалымдардан соң Үгедей Бөкейханов баяндама жасады. Бөкейханов баяндамасының тақырыбы: «Жезқазғанның кен аймағы және структурасы» (1935 жылы Мәскеуде жарық көрген «Большой Джезқазған» жинағында жарияланған) деп аталған. Бөкейханов кейіннен Оралдағы Блява мыс өндірісіне ауысқан.

Үгедей Бөкейханов 1957 жылы белгісіз себептермен қайтыс болған.

Үгедей Бөкейхановтың баласы Евгений қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұрады. Техника ғылымдарының кандидаты.

Сонымен қатар 1970 жылы туған Ә. Бөкейханның шөбересі Петр туралы да аз-кем мәлімет бар. Мәскеуде энергетика институтын бітірген соң ішкі істер органында қызмет істеген, полковник шеніне дейін жеткен. Заң ғылымдарының кандидаты, «Курская битва» деген көлемді трилогияның авторы.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?