Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлан ҮМІТҚАЛИЕВ: Елбасы жолдауы ел игілігінің бастамасы

1478
Ұлан ҮМІТҚАЛИЕВ: Елбасы жолдауы ел игілігінің бастамасы - e-history.kz
Қоғамда жақсы маман даярлау дегеніміз, ол тек маман даярлау емес, ұлтын сүйетін елге қызмет атқаратын азаматтар мен азаматшалардың қалыптасуына жағдай жасау деп білуіміз керек

Нұрсұлтан Әбішұлының 2018 жылғы 5 қазанда жалпы халыққа жолданған жолдауындағы,  халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында білім және ғылым саласы бойынша бүгінгі қоғамның өте өзекті, жанды жеріне тиетіндей мәселелерге қатысты жағымды жаңалықтармен және серпінді тың бастамаларды көтерді.

Білім мен ғылымға бөлінетін қаржының көлемінің өсуімен қатар болашақтың негізі жастар екенін тани отырып мектепке дейінгі және орта білім мен жоғары білімнің өзара сабақтастығы мен оның даму жолдары қамтылды. Оны дамытудың негізгі кілті жастарды тәрбиелеуде мамандар даярлаудың қазіргі қоғам үшін өзекті екендігі айтылды.

Сонымен қатар, маман даярлау ісінде қазіргі бәсекеге қабілетті жоғарғы оқу орындарының түлектерін қолдау мен ұстаздардың мәртебесін көтеруге арналған тапсырмалары халықты бір желпінтіп тастады. Жолдаудағы «Ұстаз мәртебесі» тек ұстаздар қауымын ғана қуантып қойған жоқ барлық қоғамның көңілінде жүрген түйткілді мәселе болатын.

«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» - деп, халық даналығында айтқандай ұстаз мәртебесі арқылы болашақ еліміздің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде үлкен ұлы істердің бастамасы тал бесік тәрбиесінен екендігі ақиқатқа айналып отыр.

«Өзіңді өзің силасаң жат жанынан түңілер» -  демекші, жас ұрпақ бойында ұстазды құрметтеу арқылы үлкенге деген ізет пен кішіге деген өнеге, жалпы үлкен тәрбие мектебінің жатқанын аңғаруға болады. Сонымен қатар ұстаз мәртебесін көтерудің келесі бір өзекті тұсы қоғамдағы қылмыс пен жемқорлықтың және тіл мәселесін шешуге үлкен септігін тигізетіндігін баса айтуымыз керек. Қоғамда жақсы маман даярлау дегеніміз, ол тек маман даярлау емес, ұлтын сүйетін елге қызмет атқаратын азаматтар мен азаматшалардың қалыптасуына жағдай жасау деп білуіміз керек.

Қоғамның толыққанды бәсекеге қабілетті болып дамуы үшін терең білім берілу жеткіліксіз, сондықтан ол білімнің тәрбиемен қоса берілуі толық мәнге ие болады. Яғни жастардың бойында кішкентай кезінен бастап елді құрметтеуге туған отанын қастерлеуге, мықты азамат болуға мінез керек. Ал ол мінезді беретін отбасы тәрбиесімен қатар балабақша мен орта білім беретін мекемелер мен олардың мықты маман ұстаздары.

Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?