Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алғышарты – Азия қауіпсіздігі

2795
Алғышарты – Азия қауіпсіздігі - e-history.kz
1999 жылғы 14 қыркүйекте Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өкілдерінің бірінші кездесуі өтті

Азия елдерінің тұңғыш халықаралық ұйымын құру туралы бастаманың авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.

Нәтижесінде бұл идея Ұйым тарапынан және түрлі Азия елдерінен қолдау тапты. АӨСШК 1999 жылғы 14 қыркүйектен бастап өмір сүріп келеді. Министрлердің 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен бірінші кездесуінде АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды.

2002 жылғы 4 маусымда өткен бірінші саммит барысында қабылданған Алматы актісі және АӨСШК жарғысы АӨСШК-нің ең басты құжаттары болып саналатындығын айта кеткен жөн. Бұл құжаттар базасы ұйымның заңды негізі. Бастапқыда АӨСШК құрамына Еуразия құрлығындағы 16 мемлекет кірді. Қазір осы құрамға тағыда 11 ел қосылды. АӨСШК қағидаттарын шарттайтын негізгі тармақ – олардың БҰҰ қағидаттары мен негізгі позицияларына қайшы келмеуі. АӨСШК Еуразия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Азия елдері арасында достық, ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастар құруды мақсат етеді. Жер тұрғындарының жартысынан көбі Азия аумағында өмір сүреді.

АӨСШК құрамына енетін 26 мемлекет елдер арасындағы бейбіт қарым-қатынас пен халықаралық дипломатияны дамытуға өз үлестерін қосып отыр. Территориалдық белгісі бойынша түрлі елдер ұйымдарын құру тарихта болған тәжірибе. Мысалы, Американдық мемлекеттер ұйымы, Африка одағы, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің қауымдастығы  АӨСШК-дан кейін – 2010 жылы құрылды. Шекаралық мемлекеттердің географиялық жақын орналасуы менталиттерінің, тарихи дамуының ортақтастығына әкеліп, экономикалық, мәдени, саяси өзара ықпалдастықты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды.  

Сонымен қатар Азия сан түрлі. Қазақстан постсоветтік елдермен, өзінің түркі бауырларымен ортақ ұқсастық таба алады, бірақ басқа елдер мәдениеттері мүлде басқа, сондықтан да қазіргі қоғамда шыдамдылық пен төзімділікті тәрбиелеу үшін халықтардың салт-дәстүрі, өмір салты туралы ақпараттар таратып, бірлескен іс-шаралар өткізу рухани баюға зор пайдасын тигізеді.

АӨСШК Азия елдерінің халықаралық ынтымақтастығы көкжиегін кеңейтуге және келіссөздердің жаңа алаңын қамтамасыз етуге ғана бағытталмаған, ұйым қатысушы елдердің қызметтерін ережелейтін міндеттерді де жүктейді. Мысалы, ХХІ ғасырда ушығып кеткен терроризм сияқты жаһандық мәселені шешу үшін АӨШСК мемлекеттері адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін террористік, сепаратистік, экстремистік әрекеттермен күресу үшін өздерінің құқық қорғау саласындағы ұлттық ведомстволары туралы ақпаратпен бөлісе алады.

Сонымен қоса ұйым шекаралас аудандарда қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бағдарламалар қолдануды іске қосуда. 2014 жылдан 2018 жылға АӨСШК-ға Қытай төрағалық етті. Халықаралық ұйымның әкімшілік органы Қазақстанның астанасы, Астанада орналасқан. Биыл төрағалықты Тәжікстанға беру жоспарланып отыр.  

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?