Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Сауым мөлшері өсуде» немесе 1978 жылғы 1 мамырда газеттер не туралы жазды?

2092
«Сауым мөлшері өсуде» немесе 1978 жылғы 1 мамырда газеттер не туралы жазды? - e-history.kz
Коммунизмнің маңызды идеологиялық мерекелерінің бірінің атмосферасын қалпына келтіру үшін өткен жылдардың газеттерін ақтарып көрдік.

Бірінші мамыр шерулері ұмытылып, өткеннің қойнауына еніп барады. Транспарант ұстап, ұрандатқан шерулер, туыстармен немесе әріптестермен өткізген бас қосулар бәрі де естелік болып қалды. Сонымен, «Целиноградская правда» газетінің осыдан қырық жыл бұрынғы, 1978 жылғы 1 мамырдағы нөмірінде қандай еңбек жеңістері мен жетістіктері туралы жазылыпты?  

Энергетиктер жетістігі

1978 жылдың бірінші тоқсанының өндірістік жоспарын асыра орындағаны үшін «Целинэнерго» аудандық басқармасының ұжымы республикалық жарыста бірінші орын алып, Қазақ ССР Энергетика министрлігінің көшпелі Қызыл Туын иеленді.

Сауым мөлшері өсуде

Бірінші сүттауар фабрикасының еңбекші қыз-келіншектері уәделерінде тұрып, сауым жоспарын асыра орындады. Бірінші тоқсанның жоспары бойынша 2650 центнер сүт өнімдерінің орнына олар 3208 центнер өнім тапсырды.

Бригадалар ылғал жабуда

Тельман атындағы колхоздың екінші бригадасының механизаторлары әр гектардан 14 центнер астық алуды жоспарлап отыр. Осы күндері механизаторлар ылғал жабу жұмыстарын жүргізуде.   

Салмақ өсімі артты

Қорғалжын ауданының мал семірту кешенінің малшылары тоқсан қорытындысы туралы баяндады: ірі қара малдың орташа тірі салмағы 450 килограмға артқан, ал бір өгізшенің орташа тәуліктік салмақ өсімі 760 грамды құрады.   

«Возрождение» кітабы

Л.И.Брежневтің соғыстан кейінгі алғашқы жылдар мен бейбіт өмірге  көшу туралы «Возрождение» кітабы жарыққа шықты.

Комсомолдардың ісі

«Ауылды сапалы техникамен айқын қамтамасыз ету» ұранымен «Целиноградсельмаш» зауыты жастары мен комсомолдарының ВЛКСМ-нің  XVIII съезіне арналған митингі өтті.

Ал енді Целиноград қаласының шерушілер легімен қала көшелерімен жүріп өтіп, қоғам қайраткерлерінің есімдері мен қала көшелерінің ескі атауларын есімізге түсірейік. Таңғы тоғыз жарымда шерушілер легі Ленин атындағы орталық алаңда жиналып, өздеріне бөлінген аудандарға асықпай орналаса бастады. Жарты сағаттан соң, сағат 10-да, 1978 жылғы 1 мамырды тойлауға орай ұйымдастырылған Целиноград қаласы еңбекшілерінің шеруін ту ұстаушылар, өндіріс озаттары, студенттер мен дене шынықтырушылардан құралған төрт лек және барабаншылардың аралас легі ашты. Ту ұстаушылардың легін  Георгий Павлович Мицуто жолдас бастап жүрді. Өндіріс озаттарының, студенттердің құрылыс және механикаландырылған легі мен дене шынықтырушылар лектерін  Ф.П. Заболотный, К.Т. Сыздықов пен Р.А. Агиянц жолдастар бастады. Іс-шараға Ленин және Совет аудандарының лектері қатысты. 

Ленин ауданының лектері Ленин, Революционная, Октябрьская, Октябрьдің 50 жылдығы атындағы және Пушкин көшелері арқылы жүрді. Ленин ауданын 14 лек таныстырды: аудан мектептерінің легі (Т.В.Чернова), техникум, институттар легі (В.Ф.Маслов, И.М.Новиков), қаланың партия, кеңес, кәсіподақ пен комсомол ұйымдары жұмысшыларының легі (А.П.Веицлер), түрлі өндірістік зауыттар легі (М.С.Бутенко, А.Г.Савранский), «Целиноградоблсельстрой» басшылық құрамының легі (Ю.Н.Вельш, В.М.Фомичев), «Целиноградэлеватормельстрой» басшылық құрамының легі (Б.В.Ганкевич), «Казсельхозтехника» ұжымының легі (В.С.Муренцев), автотранспорт жұмысшыларының легі (А.М.Шиманский, И.Г.Янсон), «Целингазификация» жұмысшыларының легі (Э.Л.Маницков), жобалау және ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің легі (Е.Б.Нұрмағамбетов), денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің легі (В.Г.Шпехт), байланыс, радио және телевидения қызметкерлерінің легі (Ф.А.Меньшиков), қаржы және банк кәсіпорындары мен облыстық кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің легі (З.М.Тель, В.М.Белимов) және жеңіл, тамақ және сүт өнеркәсібі қызметкерлерінің легі (Н.Н.Алейчик, И.А.Галахов).  Совет ауданының құрамы 12 лектен тұрды, олардың ішінде: аудан мектептерінің легі (Т.Н.Обухова), кәсіптік техникалық училищелер легі (С.М.Красностанов), техникумдар легі (К.Б.Бекпаев), институттар легі (А.И.Завражков, С.С.Лиходий), «Целинтрансстрой» трестінің легі (М.Ж. Жұматаев), теміржол транспорты қызметкерлерінің легі (В.М.Куликов, А.И.Чумаков), материалдық-техникалық қамттамасыз ету басқармасы жұмысшыларының легі (В.И.Зелих), энергетиктер мен электрофикаторлар жұмысшыларының легі (В.И.Эльзессер), өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшыларының легі (В.И.Зуйков, В.Л.Варакута, В.Ф.Фирсов), азаматтық авиация кәсіпорындары жұмысшыларының легі (Б.П.Мартыщенко), жол кәсіпорындары жұмысшыларының легі (Л.Г.Моисеев), денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің легі (Д.Х.Сералиев), сауда саласы қызметкерлерінің легі (И.Я.Трефилов), ҒЗИ және жобалау институттары қызметкерлерінің легі (Р.К.Қасымов, А.С.Мозгунов) және коммуналдық шаруашылық  қызметкерлерінің легі (П.И.Келлер).

Совет ауданының лектері қозғалысын Жеңіс даңғылынан бастап, Ленин, Делегатская, К. Маркс, Пушкин көшелерімен жүрді. Аудардар лектерінің арақашықтығы 3 метр, бір қатарда 8 адамнан тұрды. Шерушілер В.И.Ленин атындағы Орталық алаңға екі параллель лекпен келді. Бұдан әрі Ленин ауданының лектері Ленин даңғылынан Комсомол көшесі арқылы жүріп отырып Пятилетка көшесіне дейін жетіп, сол жерден өздерінің орналасу жерлеріне жүрді. Совет ауданының лектері Ленин даңғылынан Жеңіс даңғылына дейін одан әрі Пятилетка көшесіне де жүріп барды да, сол жерден өздерінің орналасу орындарына қарай бұрылды. 

Шерушілерге қолайлы болу үшін қалалық комиссия осы көрсетілген көшелердегі автотранспорт қозғалысын сағат 9-дан бастап шеру аяқталғанға дейін тоқтатты. Шеру кезіндегі қоғамдық тәртіпті қадағалау аудандық ішкі істер бөліміне жүктелді (А.Д. Князев пен А.Г.Дихтярь жолдастар). Еңбекшілердің сапқа тұруы мен қозғалысына жалпы басшылық Целиноград қаласының әскери комиссары полковник Н.М.Дудченкоға жүктелді.   

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?