Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жас Нұрсұлтан және Бірінші мамыр

1965
Жас Нұрсұлтан және Бірінші мамыр - e-history.kz
Өмірде кездейсоқтыққа орын жоқ. Кейбір жоғалған, өткен шақтың естелігіне айналар тарихи құбылыстар уақыт қажет деп тапқан жағдайда өмірге қайта оралып, адамдар бақытына ортақтаса бастайды

Сондай жылы әрі шуақты күндердің бірі – Бірінші мамыр мерекесі. Біздің қазіргі таңымызда көріп отырған бейбітшілік пен жылулық, достық пен бірліктің ұйытқысына баланып отырған Ел бірлігі мерекесі де бүгінгі президент, кешегі қоғамдық белсенді Н. Назарбаевтың өмір жолында сайрап-ақ жатыр.

Жастық шақтың көктемі, Бірінші мамыр және жылы сезімдер... «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» сөздерімен айшықталған мерекелік көңіл-күй 1960 жылдардың басындағы жастардың романтикалық дүниетанымына сәйкес келетін. Көрермендер арасында аса танымал болған «Летите, голуби» (1960 ж) мен «Я шагаю по Москве» (1962 ж) фильмдерінен сол кездегі жастардың күнәратсыз үміті мен оптимистік сенімдерін  көруге болады.

Мына бір тарихи сәтте Бірінші мамыр шеруінде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын келбеті айқын аңғарылады. Болашағынан көп үміт күттірген әрі сол уақытта қоғамдық қандай да іс-шаралардың барлығының да ортасынан табылатын ол аз уақыт ішінде жастар легінің басшысына айналады. Көше бойындағы салқар шерудегі сән-салтанат, орнымен айтылған әзілдер және жарасымды қылықтар тек сол бір сәттегі ғана емес, адамның бүкіл ғұмырының ең бақытты кезеңі іспеттес көрініс береді.

Кәсіпқойлық, қоғамдық белсенділік, адамгершілік қасиеттері жас металлургты мансабындағы алғашқы саяси лауазым – Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі лауазымына ұсынылуына әкелді, кейін қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады.

Мансап баспалдақтарында даңғыл жолы қалыптасып, Қазақстанның тұңғыш Президентігінен бастап бірнеше мәрте қайта сайлануындағы уақыт кеңістігінде, яғни тура отыз жылдан кейін Н.Ә. Назарбаев бұрынғы Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күнінің орнына Бірінші мамыр мерекесіне жаңа мән-мағына беріп, Қазақстан халқының бірлігі күнін жариялады. Шығармашылық орта аса жақсы қабылдайтын феникс құс аңызына келтіріп айтар болсақ, бірде жоғалып табылған мереке жаңаша атаумен, соны серпіліспен қазақ даласына қайта оралып, қанат жайғанын көз көрді. Солай болған...

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?