Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Наурызды қалай тойлаған дұрыс?

2554
Наурызды қалай тойлаған дұрыс? - e-history.kz
Наурызды қалай тойлау керектігінің түрлі тәртібі бар. Бірақ, әдетте, оларды қатты сақтауға аса тырыспайды

Қазақстандықтар үшін зор мәні бар Наурыз мейрамы жақындап келеді. Наурыз – бұл түркі Жаңа жылы, парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Өкінішке орай, 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейінгі аралықта тойланбай, бұл мейрам халықтың дәстүрлі меркелері қатарынан 60 жылдан астам уақытқа түсіп қалды. Оны «ескінің сарқыншағы» деп есептеді. Осыдан 30 жыл бұрын, 1988 жылы, Қазақстанда Наурызды тойлауды қайта жаңғыртты.

Наурызды қалай тойлау керектігінің түрлі тәртібі бар. Бірақ, әдетте, оларды қатты сақтауға аса тырыспайды. Ең бастысы, жақсы мерекелік көңіл-күйді сақтап, табиғатпен егіздігіңді сезу және кейбір ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты орындау абзал.  Төменде, біз, Наурызды тойлау жөніндегі жадынаманы ұсынамыз:

 

Наурызда қанша күн демалады?

1991 жылғы 15 наурызда Наурыз ресми мейрам  бекітілді, қазіргі уақытта қазақстандықтар 21, 22, 23 наурыз күндері – үш күн демалады. Ал, негізі мейрам бір айға ұласады – 22 наурыздан бастап 22 сәуірге дейін. Сондықтан да, осы уақыт аралығында мерекелік көңіл-күйден арылмаған жақсы, ал, негізі, жақсы көңіл-күйдің осы уақыт аралығында ғана емес, одан да ұзақ уақытқа созылғаны құба-құп.

 

Наурызды қалай қарсы алу керек?

Бұрын Наурызды таң ата бұлақ басында қарсы алып, бұлақ көзін тазалап, сол жерге ағаш еккен, адамнан бір табын мал қалғанша, бір тал ағаш қалғаны дұрыс деп саналған. Бұл, бәлкім, өсімдіктің тамырларының Жер-Анамен байланыстығынан туындаған сенім шығар.

Наурызды тойлар алдында не істеу керек?

Қазіргі уақытта ағаш егу үшін, азаннан тұратын адам жоқтың қасы деп айтуға болады. Бұл мерекелік демалыста адамдар ұйқыларын армансыз қандырып алуды ойлайды. Дегенмен де, күн құр босқа өтпейді. Жамандықтың бәрі өткен жылда қалсын деген ниетпен Наурызды тойлар  алдында міндетті түрде үйдің іші тазаланып, жуып-шайылады.

Наурызда не істеуге болмайды?

Бұл күні тырнақ алып, шаш қиюға болмайды, әйтпесе сал ауруына ұшырайсың деген сенім бар. Сондықтан да шаштараздар мен маникюрға ертерек барып қамданған дұрыс-ау.

Дастарханда не болу керек?

Ұлттық мереке мен халық тойларының маңызды бөлшегі – бай дастархан. Дастархан қаншалықты мол болса, келген жыл да соншалықты ырысты болады деген сенім бар. Бешбармақ, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдармен қатар, бұл мерекенің негізгі атрибуты – Наурыз-көже де дастарханнан өз орнын алады.

Неге Наурыз көже жеті түрлі дәмнен тұрады?

Оның дайындалу рецепті де қасиетті мәнге ие. Оның құрамына жеті түрлі дәм кіреді, өйткені, жеті – қасиетті сан. Апта жеті күннен тұрады. Қасиетті кітаптарда жеті саны жиі кездеседі. Наурыз көженің құрамындағы жеті түрлі азық-түлік: ет, тұз, астық дақылдары, су, кеспе, күріш, айран немесе қатық. Соңғы төртеуі май, пияз, құрт, ірімшікпен алмастырылуы мүмкін. Наурыз көженің құрамына қатысты талас сирек болады, әдетте, оны рахаттанып ішіп алады.

Наурызда қалай киіну керек?

Қазіргі уақытта қазақтар ата-бабасының материалдық мәдениетін де еске алады. Мерекені тойлай отырып, олар ұлттық киімдер киеді. Қыздар қынама бел, етегіне қарай кеңейе түсетін, ашық түсті, бүрме етек көйлектер киеді. Көйлектер оюланып сәнделген. Қыздар шаштарын қос бұрым ғып өреді, өйткені тарқатылып қоя жіберілген шаш – қайғының, қаралы, азаның белгісі. Аксессуарлар арасында күміс әшекейлер кең тараған. Ер адамдар алтын түстес жіптермен зерделенген ұзын шапан және соған сәйкес тақия мен бөрік киеді.   

Қандай тілектер тілеу керек?

 Бұл мейрамда қазақстандықтар бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді. Солардың ішінде ең жиі айтылатындар: "Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!". Жауап ретінде  "Бірге болсын!" деп айту қажет.

Наурызда не істеу керек?

Бұл күні міндетті түрде үйге қонақ шақырады, өздері де қонаққа барады. Бұл жерде де жеті саны алдыңыздан шығады: жеті қонақ шақырып, жеті үйге бару керек.

Наурыз мейрамы рухыңды көтеріп, қазақтың ежелгі салт-дәстүрін еске түсіреді. Ол Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан да, Наурыз мейрамында қазақстандықтар ұлттық тағамдарды әзірлеп, халық әндерін шырқап, әдемі ұлттық киімдерді киеді.

Наурыз Мейрамы құтты болсын!

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?