Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Қиырдағы қазақтар» көрерменге жол тартты

2281
«Қиырдағы қазақтар» көрерменге жол тартты - e-history.kz
Бұл жобаны National Digital History of Kazakhstan интернет порталының базасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырды.

2018  жылғы 15 ақпанда «Mega Silk Way» СОО-да Моңғолия қазақтарының тарихы мен бүгінін баяндайтын «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесерге мемлекет және қоғам қайраткерлері Ө. Байгелді,  С. Абдрахманов, О. Асанғазы, С. Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ басшылары, ғалымдар, тарихшылар О. Смағұл. Қ. Сартқожаұлы, Т. Жұртбай, т.б. және блогер-журналистер қатысты.

«Іштегі қазақтан сырттағы қазақ саны көп»

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ө. Байгелді өз сөзінде шетелдегі қазақтардың тарихы мен тағдыры елі жадынан өшпейтінін жеткізді. «Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары президент Н. Назарбаевтың ғажайып бастамасымен елге, тарихи Отанға қандастарымыз қайта оралды. Оларды жатсынбай, құшақ жая қарсы алдық. Дүние жүзіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды шақырып, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жүйелі түрде өткізуді қолға алдық. Осы істің басы-қасында болғанымызды мақтаныш етеміз» деді Ө. Байгелді.

Ө. Байгелдінің пікірінше, алыс-жақын шетелдерде жиыны 5 млндай қазақ деп есептегенімізбен, одан да көп болуы тиіс. «Іштегі қазақтан сырттағы қазақтың саны көп, мемлекеттік көші-қон саясатының негізінде шама жеткенше барлығын көшіріп алған дұрыс. Ал келгісі келмейтін ағайынға өкпе артудың қажеті жоқ, оларды қолдау мақсатында қажетті кітаптарды жеткізіп, отандық теледидарды орналастыру керек» деген ойын айтты.

Бұдан  кейін ол деректі фильмді жарыққа шығарған азаматтарға сәттілік тілеп, ақ батасын арнады.

«Ораламыз деген елге құшақ ашық»

Шара барысында Ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев ұлттық жобаларды жүзеге асыруды министрлік әрқашан қолдау көрсететінін айта келіп, бүгінгі іс-шараның қазақстандықтардың рухани өмірі үшін маңызы зор екенін жеткізді. «Тағдыр тауқыметімен әр тарапқа кетуге мәжбүр болған, алыс-жақын шетелдерде еңбек етіп жатқан этникалық қазақтарды бүгінгі болмысы біздің отандастарымыздың жүрегінен берік орын алады» деді Д. Абаев.

Министрдің пікірінше, бұл – Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында атқарылған игі жоба.  «Қиырдағы қазақтар» жобасы – біздің шетелдегі қандастарымызға деген көңіліміздің, пейіліміздің нақты көрінісі. Алдағы уақытта министрлік осындай ұлттық жобаларға қолдау көрсете береді.

Бұдан соң сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының депутаты С. Абдрахманов, деректі фильмнің демеушісі, белгілі кәсіпкер О. Ботбай шетелдегі қазақтарды көшіріп алу саясатын мемлекеттік деңгейде ұйымдастырып отырған Қазақстанның көші-қон саясатының дұрыстығын айтып, болашақта осы мазмұнда жүзеге асырылатын жобаларға сәттілік тіледі.

Деректі фильм жарыққа шықты

Естеріңізге салсақ, «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмнің мақсаты – ұлттық сана мен төл тарихты жаңғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың шынайы өмірін көрсету болған. 

Түсірілім тобы өте ауқымды жұмыстарды атқарды. Ресейдің Астрахань, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласын, Өзбекстанның Ташкентте Кенимех ауданына дейінгі және Тәжікстанның Худжанд қаласына дейінгі жерді, бас-аяғы он мыңдаған шақырым жерді басып өтті. Ғажайып тарихи орындарды көзімен көрді, ерекше тағдыр иелерін тауып, таспаға түсірді.

«Mega Silk Way» СОО-ның Чаплин кинозалында «Қиырдағы қазақтар» жобасының Моңғолия қазақтарының тарихы мен бүгінін баяндайтын бөлігі көрерменге ұсынылды. Алдағы уақытта Өзбекстан мен Тәжікстан қазақтары жайлы жалғасы жарияланатын болады.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?