Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сауд Арабиясы бізге көмектеседі

2690
Сауд Арабиясы бізге көмектеседі - e-history.kz
1998 жылғы 9 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмолада Египет, Ливан, Ливия, Палестина және Сауд Арабиясы елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қабылдады

Кездесу барысында халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті. Араб елдерінің елшілері Ирак төңірегіндегі оқиғаларға қатысты Қазақстан ұстанған позицияны құптайтындықтарын білдірді. Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы елшілерді жаңа астананың тұсаукесерімен байланысты іс-шаралар дайындалып жатқандығы туралы хабардар етті.

Астананы көшіру идеясын қолдай отыра дипломаттық өкілдіктер басшылары дипломатиялық корпустың Ақмолаға көшуі қала мәртебесін өсіріп, астаналық инфрақұрылымның дамуына жаңа серпін беретіндігін айтып өтті. 1998 жылғы ақпанның екінші жартысында Жоғарғы Сот төрағасы Мақсұт Нарықбаев бастаған Қазақстан делегациясы ресми сапармен Корольдіктің Әділет министрінің шақыруымен Сауд арабиясында болып қайтты. Нарықбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің мұрагер ханзадасы Абдалла Бен Абдел Әзіздің қабылдауында болды. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашақтағы дамуы туралы пікір алмасулар болды.

Жоғарғы Сот төрағасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан, Қазақстан басшылығының корольдікпен арадағы қарым-қатынастарға аса зор мән беретіндігін ханзадаға жеткізді. Сонымен бірге, ол республика астанасының Ақмолаға көшірілгендігі туралы ханзаданы хабардар етті. Абдалла ханзада Н.Назарбаевқа жүрекжарды тілектерін жолдады.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясының басшылығы алдағы уақытта да туысқан екі елдің арасындағы түрлі салада белсенді дамып келе жатқан серіктестікті одан әрі де қолдайды. Осы орайда ханзада Қазақстанның жаңа астанасында кейбір нысандарды салу үшін көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Мақаланы әзірлеу кезінде ҚР Ұлттық кітапхана қорының мерзімдік материалдары пайдаланылды

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?