Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне Тараз орталығы

7874
Көне Тараз орталығы - e-history.kz
Жаңа қала орталығындағы көне қалаға саяхатта біз мыңжылдықтардың куәсі тарихи жәдігерлер бейнесімен таныстық

Ежелгі Тараз қаласы – көне де құнды тарихи қала. Аздап шаһар тарихына тоқталсақ, VI-IX ғасырлардың алғашқы кезеңінде қарлұқтарға қараған. Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ соңында Саманидтер әулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Тараз Қараханидтер мемлекетінің астанасы болды.

ХІ ғасырда ғұлама ғалым М. Қашғари Тараз тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етті. Одан бөлек ХІ ғасырда Таразда ақша сарайы жұмыс істеген. Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстар кезінде табылған көне дирхемдер. Талай тарихқа куә болған тарих көптеген соғыс пен қирауға да ұшырады.

Қазіргі Тараз – Жамбыл облысының орталығы және тұрғындарының саны жарты миллионнан асады. Қазақстанның тарихи орындарға бай болып есептелетін шаһарда ескерткіштер мен басқа тарихи маңызы бар мекендер көп. Көне Тараз дейтін себебіміз, 2011 жылы басталған археологиялық қазба жұмыстары қаланың мыңжылдық тарихы барын дәлелтейтін құнды жәдігерлерлермен толықты.

Зерттеушілердің айтуынша қазіргі қаланың астында ескі қала орны бар және оның жасы кем дегенде 2000 жетеді. Соңғы жылдары үздіксіз жүргізіліп келе жатырған археологиялық жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы уақыт аралығында археологтар VI-XII ғасырларға жататын шамамен 50 мыңдай артефакт тапты, оның ішінде мешіт, медресе, отқа табынушылардың мехрабы, зындан, көне Талас өзені сағасының жағасы, тұрғын үйлердің іргетастары табылды.

Аталған орталықта 20 га алқапта шолу мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холлы бар мәдени орталық, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» саябағы, қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар қойылған музей нысаны орналасты. Табылған, қойылған көне заттардың бәрі нақышына келтіріліп салынған және ою-өрнекке бай, әрі қолдан жасалған. Мысалы, қыш ыдыс-аяқтар, алтын шыны мен металдан жасалған қолөнер бұйымдарын атауға болады. Бұл дүниелердің құндылығы мен тарихи байлығына отандық мамандар ғана емес, көрші ресейлік мамандарда жоғары баға беруде.

Көне Тараз тарихи-мәдени орталығы Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ашылған, қаланың маңызды орындарының бірі болып есептеледі. Себебі осы жерден шаһардың өткенімен таныса аласыз. Тағы бір айта кететіні археологиялық парк өткен жылғы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аясында келген қонақтар аралайтын қалалар тізіміне енгізілді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?