Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік маңызы бар құжаттар

3592
Мемлекеттік маңызы бар құжаттар  - e-history.kz
Тәуелсіздіктің тұңғыш құжаттары халқымыздың қуатты мемлекет құру арманының жүзеге асуын айғақтады. Заңдар өз кезегінде ел егемендігінің оның аумағында және әлемдік аренада мызғымастығын бекітіп берді

Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңды қабылдау Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи оқиға болды.

 

Қазақстанның тәуелсіздігі қалыптасуындағы маңызды меже 1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының қабылдауы болды. Заңды күші бар құжат, 7 тараудан, 18 баптан тұрды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам хұқыларының жалпыға бірдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу хұқын растай отырып, азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды тараптау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды» делінген.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

Алматы, 1991 жылғы 16 желтоқсан.

№ 1007 -ХІІ

 

 

 

Жоғарыда көрсетілген құқықтық құжатты қабылдау Қазақстан халқының тағдырындағы айқындаушы оқиғаға айналды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация тіршілігін тоқтатпаған КСРО жағдайында қабылданса, «Қазақстан Репсубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының қабылдауымен елдің шын мәнінде тәуелсіз дамуына қарай бет алды. Бұл заң негіз қалаушы, демократиялық қағидаларға сүйенді: ұлттың өзін-өзі билеуіне құқығы, адам құқығы мен еркіндігі басымдығы, саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және т.б.

Шынайы егемендікті жариялау елімізді сыртқы әлемге танытты. Конституциялық заң ҚХР-мен, РФ-мен және ортаазиялық республикалармен шекаралық мәселелерді зерттеу үшін жағдай жасады. Конституциялық заңның ережесі қолданыстағы Қазақ КСР Конституциясының нормаларынан жоғары болды.

Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы мемлекет конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда тиісті реформалар жасау үшін құқықтық база құрды.

Ендігі маңызды мәселенің бірі, мемлекет атауын өзгерту ісі тұрды, бұл тұрғыда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы Заң қабылданды. Қаулы екі тармақтан тұрды:

 

1 Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсін.

2 Қазақ КСР Конституциясы / Негізгі Заңы / мен Қазақ КСР-інің мемлекеттік егенмендігі туралы Декларацияға, Қазақ КСР заңдарына және Қазақ КСР мемлекеттік органдарының өзге де актілеріне тиісті өзгерістер енгізілсін.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

Алматы, 1991 жылғы 10 желтоқсан.

№ 1000 -ХІІ

 

 

 

1990 жылдардың бірінші жартысындағы жаңа қазақстандық мемлекеттілік құрылысының стратегиялық мақсатымен қуатты президенттік билігі бар егеменді мемлекет дамуы айқындалды. Ел басшылығының алдында шешімінен қоғамдық-саяси институттардың тиімді жұмыс жасауы ғана емес, қазақстандық мемлекеттіліктің өзінің өмір сүруі тәуелді болған мәселелер тұрды.

Келесі бір айтулы оқиғалардың бірі 1991 жылғы 1 желтоқсан өткен Президент сайлауы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшылығына тағайындалуы.

Аталған маңызды оқиғаға байланысты Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысында былай делінген:

«Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Қазақ КСР заңына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентінің қызметке кірісуінің бірінші мерзімін есептеу 1991 жылғы желтоқсанның 10-ынан басталды деп саналсын.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы

С.Әбділдин

Алматы, 1992 жылғы, 13 қаңтар

№ 1116 -ХІІ

 

 

 

 

Алда тұрған ұлы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ел Президенті 1992 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясында» тұжырымдады. Бүкіл қоғам дүниетанымындағы пайда болған вакумды есепке ала отырып, стратегия Қазақстан халқы үшін саяси бағдарларды қалыптастырды.

Ұлтаралық келісім, ұлтішілік бірлік, қазақстандық қоғамды жетілдіру идеологиясы, конфессияаралық келісім және дінге еріктілік – қазақстандық қоғамды идеялық нығайтудағы негізгі бағыттар.

Архивтік құжаттар ҚР Мемлекеттік архивінен алынды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?