Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН АВТОРЛАРЫ 20 МЫҢ РУБЛЬДЕН АЛҒАН

5160
МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН АВТОРЛАРЫ 20 МЫҢ РУБЛЬДЕН АЛҒАН - e-history.kz
Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылдың желтоқсанында, егеменді Қазақстанның Мемлекеттік Гимні бекітілді

Халықтың рухани бірлігін білдіретін гимн маңызды мемлекеттік нышан. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін жас республикаға жаңа Мемлекеттік Гимн қажеттілігі туралы сұрақ туындады.

1992 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін дайындау үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Президиумымен жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің үздік мәтіні жобасына байқау жарияланды. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар қатысып, бақ сынасты, бұл, шын мәнінде, бүкілхалықтық байқау болды. Байқау барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып отырды.

Жұмыс тобы 6 отырыс өткізіп, 267 ұсынысты қарады. Солардың ішінен үздік деген 3 жоба таңдап алынып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының қарауына енгізілді. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес ақындар М.А.Әлімбаев, Қ.Г.Мырзалиев, Т.М.Молдағалиев, Ж.Д.Дәрібаева бірлесіп жазған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін бекітті. Композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған советтік кезеңдегі гимн әуені өзгеріссіз қалдырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің үздік мәтіні жобасына жарияланған байқау қорытындысы бойынша М.А.Әлімбаевқа, Қ.Г.Мырзалиевке, Т.М.Молдағалиевке, Ж.Д.Дәрібаеваға Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Президиумы алғыс жариялап, 20 мың рубльден ақшалай сыйақы төлеп берді. Сонымен қатар, Мемлекеттік Гимн мәтіні жобасын жасауға белсене қатысқандары үшін Г.Мұхамеджановқа, Н.М.Оразалиевке, И.О.,Оразбаевқа, Н.А.Айтовқа, Е.Р.Раушановқа 10 мың рубль ақшалай сыйақы төленді. Жоғарғы Кеңестің Әкімшілік-шаруашылық істер басқармасына (В.А. Бротт) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін құрастырушылар үшін куәліктер жасау тапсырылды.

Кейінірек, қоғамдық үндеулерді ескере отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев үкімет алдына Гимнді ауыстыру қажеттігі туралы мәселені қойды. 2006 жылдың қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының ресми Гимні болып бекітілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?