«Заң солқылдақ, полиция дәрменсіз»: тарихшы археология саласындағы балықтардың бетін ашты

05.11.2025
5564
«Заң солқылдақ, полиция дәрменсіз»: тарихшы археология саласындағы балықтардың бетін ашты - e-history.kz

Заңның жұмсақтығын пайдаланып, қара археологтар тарихи орындар мен ежелгі қорымдарды ашықтан-ашық тонап жатыр. 

Олардың тіптен бетімен кеткені соншалық,  арнайы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан орындардың жанына шатыр тігіп, кәсіби археологтармен қабаттасып, жәдігер іздеуге көшкен. Бұл туралы De.media youtube арнасының кезекті подкасында тарихшы-археолог Әзілхан Тәжекеев айтты, деп хабарлады e-history.kz порталы. 

Оқи отырыңыз: «Аралдың түбіне Сталин жетті» - тарихшы

Айтуынша, оларға полиция да шара қолдана алмайды. 

«Баршынкент деген қаланың орнына қатысты қазба жұмыстары барысында осындай жағдайға куә болдық. Ол жерде үлкен жиын өтіп жатыр. БАҚ өкілдері мен журналистер қатысқан үлкен семинар болып жатты. Тіптен мәдениет бөлімі мен музей саласының мамандары да жүргенін айту керек.  Осыны көріп, біле тұра, қазба ескерткіштерінің бір шетінде белгісіз біреулер емін-еркін қазып жатыр. Барсақ, қырыққа жуық көне тиындар тауып алыпты. Ұстап алып, полицияға тапсырмақ болдық. Олар ескерткіштің мемлекет қарауына алынбағанын, тізімде жоқ екенін айтып қарсылық танытты. 

Ең әттеген-айы ішкі істер органдарының яғни полиция қызметкерлерінің мұндай жағдайда не істеу керектігін, яғни нақты қандай шара қолдануды білмейтін болып шықты. Себебі, заңда нақты ереже жоқ. Қандай заң, қылмыстық кодекстің нақты қай бабы бойынша іс қозғау туралы нұсқаулық жоқ. Осының салдарынан мұндай тонаушылар заңға тартылмай отыр», - дейді ол. 

Бұған дейін ол Аралдың тартылуына Сталиннің реформасы әсер еткенін айтқан еді. 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз