«Аралдың түбіне Сталин жетті» - тарихшы

05.11.2025
5708
«Аралдың түбіне Сталин жетті» - тарихшы - e-history.kz

Аралдың тартылуына Сталиннің реформасы әсер етті. Бұл туралы De.media youtube арнасының кезекті подкасында тарихшы-археолог Әзілхан Тәжекеев айтты. 

Оның айтуынша, өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының аяғы, елуінші жылдардың басында Сталиннің су реформасы деген үлкен жоба іске асырылған. Әрі бұл бүкілодақтық ірі жоба ретінде бекітіліп, үлкен маңыз берілген. 

Жоба Кеңестер одағын әлемдегі ең үлкен мақта алпауытына айналдыру мақсатын көздеді. Осы мақсатта өңірдегі мақта өндірісін арттыру, егістік аумағын ұлғайту жұмыстары қолға алынды. Яғни Сырдария мен Амударияның айналасын жаппай егістікке айналдыру жұмыстары басталды. Өкінішке қарай, Сталиннің бұл су реформасы Аралдың тартылуына алып келді», - дейді тарихшы-археолог Әзілхан Тәжекеев.

Бірақ соған қарамастан, одақ мақта егетін аймақтарды ұлғайту әрі зерттеу жұмыстарын жалғастыра берген. 

«Алпысыншы жылдардан бастап Арал теңізі біртіндеп тартыла бастады. Осыдан кейін одақ басшылары мақта шаруашылығына Батыс-сібір суларын  тарту керек деген бастаманы қолға алды. Сібірдің суын алдымен Аралға құйып, ары қарай Амударияға жалғастыру деген жобалар болған. Бұл да бүкілодақтық жоба ретінде қолға алынды. Ол үшін Сібір суларын Сырдарияның төменгі ағысы арқылы тарту көзделді. Яғни Сыр өзенінің бойындағы ескі арналарды каналдар арқылы бір-біріне жалғау арқылы суды алдымен Амударияға әкелу көзделді. Ары қарай Түркіменстанға жеткізу жобасы болған еді. Бірақ ол аяқсыз қалды», - дейді ол. 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз