Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23.09.2025
5730
Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды - e-history.kz

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды. 

Нақты айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әнімен толығып отыр. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл құнды мұралар "Архив – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған. 

"Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды. ", – делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің  ақпаратында. 

Сол жылдары "Известия" газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында: 

"Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу – оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей", – деп жазылған.

Тарихи жазбалар ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілген. 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз