Солтүстік Қазақстанда мамонттың сүйегі табылды

15.09.2025
4753
Солтүстік Қазақстанда мамонттың сүйегі табылды - e-history.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңынан мамонттың жіліншік сүйегі табылды. 

Бірегей жәдігерді Солтүстік Қазақстан облысының  Әсет Шайкин есімді тұрғыны балық аулап жүріп кездейсоқ тауып алған. Кейін сүйекті балықшы Манаш Қозыбаев атындағы университет мамандарына табыстаған. Бүгінде жәдігерді әйгілі археолог Анатолий Плешаков бастаған мамандар зерттеп жатыр. 

«Табылған олжа өте ірі жануарға тиесілі. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ», – дейді Анатолий Андреевич.

Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақ қабаттарының астында жатуы мүмкін.

Анатолий Плешаков солтүстік қазақстандық археологиялық тобы бірнеше жылдан бері зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ экспедиция құрамында Қозыбаев университетінің тарихшы-студенттері бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай және Ақ-Ирий елді мекендерінде жұмыс істеді. Келесі археологиялық маусым зерттеушілерге жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік бермек. экспедицияны басқарып келеді. 

Шұңқыр жасау немесе сынақ қазбасын жүргізу арқылы (тікбұрышты шұңқыр) мәдени қабаттар мен артефактілердің бар-жоғын анықтауға, стратиграфияны бағалауға және осы жерде одан әрі толық көлемде қазбалар жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз