12 қыркүйек - Қазақ киносының күні

12.09.2025
5240
12 қыркүйек - Қазақ киносының күні - e-history.kz

Бүгін - Қазақ киносының күні. Осыдан тура 91 жыл бұрын Алматыда алғашқы кинохроника өмірге келді. Ал, 1941 жылы 12 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен  Алматы киностудиясы құрылды. 1960 жылы атауы «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді. 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Қазақ киносы 1938 жылы алғашқы толықметражды «Амангелді» фильмінен бастау алған ұлттық кинематография бүгінде әлемдік аренада өз орнын тауып отыр. «Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыры Амангелді Иманов туралы баяндалады. Режиссері - Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады. Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді. 

Қазақ киносының одан арғы дамуы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына келді. «Ленфильм» мен «Мосфильм» студиялары Алматыда жұмыс істей бастады. 1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақ КСР ХКК қаулысы негізінде фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады, ал 1960 жылы ол «Қазақфильм» атауына өзгертілді. 

1941 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, Қазақ ССР Халық комиссарлар Кеңесінің 1941 жылғы 12 қыркүйектегі № 762 қаулысы негізінде Алма-Ата (Алматы) көркем фильмдердің киностудиясы ұйымдастырылды. Бұл орда кейіннен, 1960 жылдан бастап «Қазақфильм» деп аталды, ал 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына атақты ұлттық кинематограф Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді (Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы). 

70 жылдан астам уақыт ішінде студияда 228 толық метражды және 70 қысқа метражды, 1133 деректі, 139 анимациялық фильмдер түсірілді. Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы бұл күнді (12 қыркүйек) «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз