Елімізге белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Аманжол Күзембайұлы мен Еркін Әбілдің мемлекеттік тілде тарихшы мамандарға арналған аса қажет оқулық баспадан жарық көрді.
Қазіргі таңда тарих ғылымында тарих теориясының орны ерекше. Біз, жоғары мектептің ұстаздары болғандықтан тарихшы мамандарды дайындауда «Тарихтану теориясы» пәні аса қажет. Жоғары оқу орындарында тарих білім беру бағдарламасының бірінші курсынан бастап оқылатын пән. Кейін жоғары курстарда, деректану, тарихнама пәндерін игергенде, тарих ғылымының түсінік – категориясы, әдіснама, деректану, тарихнама мәселер жөнінде бір ден бір пән. Оқулықты авторлардың сабақ беру нәтижесінде көп жылдық ізденістермен тәжірибесінің негізінде жазылды.
Оқулық мазмұны үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Тарих ғылымының қысқаша тарихы», 20 тақырыптан тұрады. Екінші бөлім «Тарих теориясы», 8 тақырыптан тұрады. Үшінші бөлім «Тарихи зерттеу әдістері», 4 тақыптан тұрады.

Авторлар бірінші бөлімде, тарих ғылымының терминдері, тарихи сана, ежелгі, ортағасыр, жаңа заман, қазіргі заман кезеңдерінің тарихнамасы қамтылған.
Екінші бөлімде, тарих ғылымының анықтамасы, функциялары, тарихи таным теориясы, тарихи оқиға, тарихи факт, тарихи уақыт, тарихи кеңістік және кезеңдестіру мәселелері талқыланады.
Үшінші бөлімде, тарихи зерттеулердің қолданылатын әдістері, олардың түрлері, зерттеу бағдарламасы және тарихи зерттеудің негізгі кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар оқулықта жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды жазуға қойылатын талаптары мен рәсімдеу үлгілері берілген.
Қорыта айтқанда «Тарихтану теориясы» оқулығы білім алушы студенттерге, магистрлерге, докторанттарға және жоғары оқу орнының профессор-оқытушыларына арналған.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасының профессор м.а., т.ғ.к., Өтеген Исенов,
PhD доктор Рауан Байдалы.