Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қаныш Сәтбаевтың немересі дүниеден өтті

606
Қаныш Сәтбаевтың немересі дүниеден өтті - e-history.kz

Өткен аптада Қазақстан ғылымы орны толмас қазаға ұшырады. Еліміздің ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан, көрнекті ғалым,  химия ғылымдарының докторы, профессор Әлима Қайнекейқызы Жармағамбетова өмірден озды. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды e-history.kz порталы. 

“Өткен аптада ел ғылымы орны толмас қайғыға ұшырады... Біртуар ғалым, ел ғылымына өлшеусіз үлес қосқан атақты ғалым, дара тұлға Қаныш Сәтпаевтай тектінің тұяғы – Әлима Жармағамбетова апайымыз дүниеден озды. Ғалымның өмір жолына үңілсек, Әлима Қайнекейқызы – химия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының Катализ және электрохимия институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды. Ол 1973 жылдан бүгінгі күнге дейін ұзақ жылдар бойы Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары секілді түрлі лауазымдарды абыроймен атқарып, соңғы жылдары органикалық катализ зертханасының меңгерушісі лауазымдарын атқарды. Қаныш Имантайұлының өз сөзімен айтсақ, «маман, білімді ғылым кадрлары – біздің негізгі күшіміз, ғылымдағы басты тұлға». Әлима Қайнекейқызы осындай тұлғалардың қатарында болды” - деді Саясат Нұрбек. 

Әлима Қайнекейқызы жүздеген шәкірт тәрбиелеп, магистранттар мен докторанттарға «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» сынды пәндер бойынша дәріс оқып, көтеген талантты шәкірттерді тәрбиелеген.   

“300-ден астам ғылыми мақаланың авторы атанып, еңбектері халықаралық беделді басылымдарда жарияланды. Оның ішінде Scopus мәліметтер базасындағы CiteScore көрсеткіші 35-тен кем емес басылымдарда 6 мақала және CiteScore көрсеткіші 20-дан кем емес басылымдарда 4 мақаласы жарық көрген Ә.Жармағамбетованың ғылымдағы жолы бізге үлгі. Германия, Франция, Италия, Финляндия, Мажарстан, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінде өткен халықаралық конференцияларға қатысып, қазақ ғылымының атын әлемге танытты. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне және барша ғылыми қауымға қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын” деді министр. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?