Ежелгі түркілер дәуірінде тасқа қашалған тарихтың құнды мұрасы – балбалтастар.
Ұлы бабаларымыз мәңгілікке мұқалмас етіп «Мәңгілік Ел» мұрасын, Бабалар тарихын тасқа қашап қалдырды. Бетіне дұшпан қаратпаған айбынды бабаларымызға қойылған балбал тас былайша басталған екен:
«Сонау бастан, обастан
Жаралғалы қара жер,
Жаралғалы көк аспан,
Естеми мен Бумынның
Адамзаттан бағы асқан.
Төрт бұрышы дүниенің
Солармененен санасқан.
Бүкіл түркі үмітпен
Екеуіне қарасқан (Күлтегінге арнаған ескерткішті ақындық тәсілмен жаңашалаған – Қадыр Мырза Әлі).
Содан бері мың екі жүз елу бес жыл өткен екен. Тарих беті сан өзгеріске ұшыраса да, маңғаз, сұсты он екі ғасыр өтсе де, тарих шындығын арқалап бүгінгі күнге жетті. XVIII ғ. басында орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері – Ф.И. Страленберг Сібірді толық аралап, Орхон өзенінің бойындағы қол қусырып, мөлиіп қатып қалған тас мүсіндерге тап болады. Бұл не ғажап екенін көп ойланып, бірақ тұйғиық ойдың түбіне жете алмаған. 1889 ж. орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлде қайда үлкен, белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан жасалған төрт қабырғалы биік тасты көрді. Н.М. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 м. дейін созылған аласа дөңесте орналасқан. Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мәрмәрдан жасалған түркі сынтас табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны «мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек» деген болжам айтады).
Көп кешікпей Ядринцев Ресей археологтерінің VIII конгресінде ғалымдардың назарын Орхон өзені бойындағы ескерткіштерге аударып, зерттей бастайды. Содан бастап, «Орхон-Енисей жазулары» деген атауға ие болды. Дания ғалымы Томсен Вильгельм-Людвиг-Петер 1877 ж. «Орхон-Енисей» ескерткіштерін зерттеуге кіріседі.
1893 ж. Орхон жазуының кілті табылды. Қазіргі дәуірде В. Томсен ашқан кілт «Орта Азия мен Қазақстан тарихында кездесетін көне жазу-сызудың сырына мүмкіндік беретін қымбат кілт» болып табылады.
Қазақстандағы балбалтас тарихы туралы алғашқы зерттеуді жүргізген академик Ә. Марғұлан «Ежелгі мәдениет куәгерлері» еңбегінде балбалтастар ежелгі түркілердің діни-ғұрыптық кешені екенін дәлелдеді. https://ortalyq.kz/ba-zyny-k-zi-balbaldar. Түркология ғылымына алғашқы соқпақ салған ғалым Ғ.Айдаров. Ғалымның «Білге қаған ескерткіштерінің тілі», «VIII ғасырдағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» атты еңбектері – құнды басылымдар болып табылады.
Тас мүсіндер сол жерді мекен еткен халықтың тарихы мен мәдениеті екенін дәлелдеген. Әрбір елдің тарихы жалаң ойдан жасалмайды. Тереңнен тартқан қатпар-қатпар тарих, көнеден жеткен асылдай болып, тарихымыздың нақты айғағы болмақ.
«Бастыны иілттік,
Тізеліні бүгілттік.
Айналамыз толған жау екен,
Бәрін бағындырдық» деп сыртқы саясатындағы айбарын жазып қалдырған. Халқы қағанға, қаған халқына қаншалықты адал болғанын және сол арқылы даңқы асқақтағанын мыны жолдардан көруге болады: «Аш халықты тоқ еттім, Жоқ халықты бар еттім». Ұрпақ үшін, халқының қамы үшін, түнде ұйықтамай, күндіз отырмаған бабаларымыз өз заманында найзағайдай жарқылдап, адамзат тарихында өшпестей із қалдырды. Тарихын ұрпаққа мұра етіп, тасқа қашап қалдырды.
Тасқа қашалған тарих – ғасырлар бойы халқымен бірге жасай беретін, өскелең ұрпақ үшін қажетті мұра. Біз жас ұрпақ, бабаларымыздың «Мәңгілік Ел» мұратын қабылдай отырып, ХХІ ғасырда адамзаттық құндылықтарды сақтауға қызмет етеміз.
А. Орынбек, 5-сынып оқушысы.
Жетекші: тарих пәнінің педагог-шебер мұғалімі Н.А. Махатова