Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Генерал-майор Жанжуменов Талғат Жеңісұлы

1427
Генерал-майор Жанжуменов Талғат Жеңісұлы - e-history.kz
Офицерлік қызметін Батыс әскерлер тобында бастаған. Әскерлерді тылдық қамтамасыз ету бағыты бойынша түрлі жауапты қызметтер атқарған

1968-ші жылы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989-шы жылы үздік белгімен Вольск тыл жоғары әскери училищесін, 1999-шы жылы үздік белгімен Тыл және транспорт әскери академиясын, 2008-жылы үздік белгімен РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын тамамдаған.

Офицерлік қызметін Батыс әскерлер тобында бастаған. Әскерлерді тылдық қамтамасыз ету бағыты бойынша түрлі жауапты қызметтер атқарған. Республикалық Ұлан қолбасшысының тылдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қоғаныс министрінің орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды. ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы. 2-ші дәрежелі «Айбын» ордені, бірқатар медальдармен марапатталған.

Жақын араласатын достарымның басым көпшілігі «гвардеецтер». Республикалық Ұланның офицерлері. Араласқанымызға 20 жылдан асты. Әскери құрылымның ардагерлері. Күні бүгінге дейін «кімдікі жоғары» деген тақырып төңірегінде дауласамыз. Өз шалшығын мақтаған бақалардай әркім өз ведомствосын жоғары көтереді. Республикалық Ұлан, әрине, әр қазақстандық мақтан тұтуға лайық құрылым.

Қазақ тіліндегі Жарғылар бекімей тұрғанда ана тілімізде әмір-бұйрықтар беріп жүргені үшін құрметтеуге болады. Спорттық азартқа алғысыз дауда көбіне Қорғаныс министрлігі жеңеді. Қалай болғанда да «салмақ» бар ғой. Ашығын айтайын, достарымның келтіретін аргументтері де осал емес. Солардың бірі, «Біздің кадрлар мықты, Ұланның тәрбиелеп өсірген офицерлері Қорғаныс министрлігіне барып жауапты тізгіндерді ұстайды, генерал атанады» дегенге саяды. Бұл пікірмен санаспауға болмайды. Сондай тұлғалардың бірі – генерал Жанжуменов.

Әскери тұрғыда білімді офицер. Оқыған оқулардың барлығын үздік бағамен айрықша белгімен тамамдаған. Теориялық білімін практикаға тамаша ұштастыра білген жан деп танимын.

Қорғаныс министрлігі шеңберінде ұйымдастырылған кешенді шараға дайындық барысында әріптестерін таңғалдырғаны бар. Тек тылмен қамтамасыз ету ғана емес, басқа да бағыттар бойынша ұтымды шешімдер ұсынған, басшылық тарапынан қойылған сұрақтарға мінсіз жауап берген. Бір сөзбен айтқанда, өзін тек жақсы қырынан көрсете білген.

Қорғаныс министрілігінің орынбасары лауазымында болған тұста, қол қоюға еңгізілген құжаттың шығуын алаңдай күткен орындаушы офицерлерді жиі көруге болатын. Уайымын жете түсінемін. Бір рет өзім де солардын орынында болғанмын. Генерал әр үтір-нүктесіне дейін қарайды. Мұқият тексереді. Бастысы, барлык мәселе бойынша бәрін біліп отырады. Қол койылса, той жасауға негіз бар деп біліңіз. «Визасы» болмаса жағдай қиынжағдай қиын. Ондай сәтте, «өртеніп» бара жатқан құжат болса, генералды алмастыра алатын құқығы бар министрдің басқа орынбасарын іздеуге тура келеді. Талап пен тиянақтылықтың үлгісі осы болса керек. Досым Әуе әскери күштеріне қарасты шағын бөлімнің штаб бастығы болды. Талғат Жеңісұлы осы бөлімнің азық-түлік қызметі бастығы болған.

Досымның айтуына қарағанда, офицер сол уақытта білім тұрғысында қатарластарынан оқ бойы озық тұрған. Болашағынан үлкен үміт күттірген маман болған. Үмітті толығымен ақтады деуге болады.

Сәндібай КҮМІСБЕКОВ

El.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?