Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Елорда: өткені және бүгіні» фотокөрмесі ашылды

1144
«Елорда: өткені және бүгіні» фотокөрмесі ашылды - e-history.kz
Астана қаласының мұрағаты өзінің қорындағы мұрағат құжаттарынан «Елорда: өткені және бүгіні» атты Қазақстан астанасының тарихы мен бүгінгі жаңа Астана туралы фотокөрме ұйымдастырды

Елордамыздың мерекесіне арнап Астана қаласының мұрағаты өзінің қорындағы мұрағат құжаттарынан «Елорда: өткені және бүгіні» атты Қазақстан астанасының тарихы мен бүгінгі жаңа Астана туралы фотокөрме ұйымдастырды. 

ХІХ ғасырдың 30 жылдары Есілдің оң жағалауындағы Қараөткелде әскери бекініс салынады. Ол 1862 жылы округтік қала статусына ие болады. Қаланы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин басқарған. 

ccdfe809a41358cb4cceb52d26663aee.jpg

Көрмеде Ресейдің Омбы қаласының мұрағатынан әкелінген Ақмола қаласына қатысты құжаттар қойылған. Олардың ішінде Батыс-Сібір генерал-губернаторының Көкшетау, Аягөз қалаларында тұрақты жәрмеңке өткізуді 1-інші қазаннан, сондай-ақ Ақмола, Қарқаралы уездерінде 1842 жылдың 15 мамырынан бастап бекіту жөніндегі баян хаты, Ақмола қаласының 1870 жылғы қаржы шығыстарының кестесі, қалаға күзет ережесін енгізу жөніндегі ұсыныс, Ақмола облысы гербінің сипаттамасы секілді тарихи құжаттар бар. 

e326908b23c5520f279496b5a6063d75.jpg

b3017b0fb12591031e88800c0f75a9a6.jpg

Көрменің келесі бөлімі Целиноград қаласының тарихына арналған. 1960 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстанның солтүстік облыстарын біріктіретін Тың өлкесін құру туралы жарлық шыққан. Қала жаңа әкімшілік орталыққа айналып, ленинградтың жобалау институты қаланың бас жоспарын жасауға кіріседі. Енді Ақмола 1992 жылға дейін Целиноград аталады. 

d01bd366496c0304b65ef3cfff84fa79.jpg

f250d495babbe5dcf405a0f2e454e5c2.jpg

Бұл бөлімге 1955 жылдың 11 сәуіріндегі қаланы көгаландыру мен ағаштардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шешім, Целиноград қаласы көшелеріне атаулар беру туралы хаттамалар, Тың өлкелік атқару комитеті төрағасының «Целиноград қаласын 1961-1964 жылдарда дамыту туралы» сөйлеген сөзінің мәтіні, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылдың 11 ақпанындағы «Целиноград қаласын жоспарлау жобасының негізгі ережелері мен Бас жоспарын бекіту туралы» қаулысы, 1972 жылғы аяқталған құрылыс объектілерін қолданысқа беру туралы мемлекеттік қабылдау актісі, «Целиноградская правда» газетінде 1988 жылдың 5-ші ақпанында жарияланған А. Дубицкийдің «Целиноград көшелерін бойлағанда» атты мақаласы, 1990 жылғы Целиноград қаласындағы тұрғын және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық құрылыс объектілерінің сапасы туралы бөлім есебінен тұратын мұрағат құжаттары қойылған. 

3b67921b943d14ffc3b6bc188a8347a0.jpg

Фото құжаттар көрмесінің келесі бөлімі бүгінгі жаңа Астанаға арналған. Онда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыс салуға тауарлар мен жабдықтарды пайдалану көріністерін растайтын құжаттарды қарау мен толтыру мәселелері жөніндегі 2002 жылдың 16 сәуіріндегі комиссия мәжілісінің хаттамасы, Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты туралы Ереже, Астана қаласының «Алматы» ауданын басқару құрылымы, Жаңа астананың ресми тұсаукесері рәсіміне Мәртебелі қонақтардың келу кестесі секілді көптеген құнды құжаттар орын алған. 

Шара Батталғазиева, Астана қалалық мұрағаттар мекемесінің ғылыми қызметкері

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?