Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Халық қазынасын жинақтаған «Ұлт жауһарлары»

1980
Халық қазынасын жинақтаған «Ұлт жауһарлары»  - e-history.kz
Коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің ұйытқы болуымен Алматы қаласында «Әдемі-Ай» өнер мұражайы ашылған еді. Қазіргі таңда мұндағы жәдігерлер саны 1000-нан асады

Бүгін ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚР мәдениет қайраткері, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің жеке коллекциясындағы XVIII-XX ғасырлардағы «Ұлт жауһарлары» фотожинағының таныстырылымы өтті. 

Салтанатты кешті ақын, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ жүргізе отырып, кітаптың жалпы болмысын таныстырды. Жиында сөз алған ғалымдар мен өнер қайраткерлері Ғарифолла Есім, Көпен Әмірбек, Әли Бектаев, Серік Сейдуманов, Оразкүл Асанғазы, Ермек Асылханов, Бибігүл Жексенбай қатарлы адамдар өз әсерлерімен бөліссе, әнші Досымжан Таңатаров пен Тамара Асар әннен шәшу шашты.

dc1fca21ca3edf95a8f34f80a1d833b4.jpg

Шараның негізгі авторы және оның атқарған шаруалары туралы айтар болсақ, 2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің ұйытқы болуымен, Алматы қаласында «Әдемі-Ай» өнер мұражайы ашылған еді. Қазіргі таңда мұндағы жәдігерлер саны 1000-нан асады. Мұражай экспозицияларынан б.з.д. I-III ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI-ХII ғғ. жататын тарихи құнды жәдігерлермен танысуға болады. Өскелең ұрпақ көріп, біліп жүрсін деген мақсатпен аталған құнды мұралардың суреттерінен топтастырылған «Ұлт жауһарлары» атты фотожинақ құрастырылды. 

2d087fea4a31a66fb0602253a3cf6078.jpg

Бахаргүл Төлегенқызы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдауында болып, Президентіміз қазақ қызының ұлтының мәдени мұрасын сақтап, зерттеу қызметіне жоғары баға берген болатын. 

553c2dc9d22e9c53869a3c11e20939f1.jpg

Бахаргүл Төлеген – коллекционер-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының жалғыз жеке мұражайының иесі. Сонымен қатар, қазақы кәдесыйлардың ұлттық брендін қалыптастырған «Әдемі-Ай» компаниясының президенті. Балалық және жастық шағын Қытай Халық Республикасында өткізген Бахаргүл, 1994 жылы тарихи отанына оралып, бала кезіндегі арманына қол жеткізді. Сол сәттен бастап Бахаргүл бойындағы бар қайрат-жігерін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап, сақтауға арнады.

a25ed65b56501f87d0ff02c374b1c72d.jpg

Ол республика мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін 2010 жылы ҚР мәдениет қайраткері атағына ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі -2010» атты жобасының жеңімпазы атанды. 2013-жылы Елбасы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды. «Ұлт жауһарлары» фотожинағы арқылы Сіз этнографиялық бұйымдардың керемет және бай коллекциясымен танысу мүмкіндігіне ие боласыз. 

Заңғар Кәрімхан 

Фото авторы Жандос Кокумбаев 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?