Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Азаттығым – ғажап күнім» мүшәйрасы өтті

1934
«Азаттығым – ғажап күнім» мүшәйрасы өтті  - e-history.kz
Астана қаласында «Шабыт» өнер академиясында «Азаттығым – ғажап күнім» атты жыр мүшәйрасы мен жыр антологиясының беташар рәсімі болып өтті

2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен, Астана қаласында «Шабыт» өнер академиясында «Азаттығым – ғажап күнім» атты жыр мүшәйрасы мен жыр антологиясының беташар рәсімі болып өтті. 

7e9d220b492bc76771d0d071ebb71572.jpg

Аталған шараға алыс-жақын шетелден келген жүзге тарта қазақ қандасымыз бен 300-ден аса делегат қатысты. 

13a621f07b53bb7ef9db2a606161218b.jpg

«Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен сәтте, әсіресе шетелде тарыдай шашылған қандастарымыз бөркін аспанға атып қуанды. Тәуелсіздік – жырақта жүрген қандастарымыздың келешек тағдырын айқындап бере отырып, қандас бауырлар сол кезеңнен бастап лек-легімен атамекеніне орала бастады. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін шетелде жүрген қандастарымыз жоғары бағалап, ерекше түсінеді. Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет» екенін жеткізген «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы Әли Бектаев қатысушыларды құттықтады. 

8519048b270c9f9bfd0dfc4785516d78.jpg

Әлемнің төрт бұрышынан келген қазақ ақын-жазушыларының туған елге, отансүйгіштікке және тәуелсіздікке бағытталған өлең жырлары тұсауы кесілген «Азаттығым – ғажап күнім» жинағына енді. 

415c4940145eccdc0002ce6b5d8b196a.jpg

Антологиялық жинаққа Қазақстаннан 45 ақын-жазушы, Қытайдағы қазақ диаспорасынан 40 өкіл, Моңғолиядан 15 ақын мен Ресейден 5 қазақ ақынының жырлары топтастырылған. 

ccc7133c80b7046d4aae98fae9469f0f.jpg

Антологияның таныстырылымынан кейін ақын-жыршылар Тәуелсіздікке арнаған жырларын оқып, жыр мүшәйрада суырылып көзге түскен қалам иелеріне арнайы сыйлық пен дипломдар табыс етілді. 

b8bfa12f46237a0939355316d2c8579a.jpg

57bb3c812418779bcead37782a9cd195.jpg

Мүшәйрада, I орынды Құндыз Тұрдықызы иеленді. II орынды ақын Айжан Тәбәрәкқызы иемденсе, III орынды Әлімжан Әлішер мен Бауыржан Игілік өзара бөлісті. 

f7c706efbe47850a5b3b1e417297a10b.jpg

d122cb2da977783aadadfbe0bd551c48.jpg

Айта кетерлігі, шетелдік қандастардың қаламынан тербеген атамекен, ел мен жерге деген ыстық сағынышы мен халқына деген сезімдері әрбір жанның жүрегін лүпілдетіп, санасын бір сілкіндіріп тастады. Салтанатты шара барысында ән айтылып, би биленіп, күй тартылды. 

f0f765922845127f943f64a98eaeb66e.jpg

Заңғар Кәрімхан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?